Кемелдікке жеткен әйелдер

Әсия ханым Перғауынның алдын­да өзінің Аллаға ғана сене­тіндігін жариялап, оның азапта­рына сабырлықпен төзе білді. Үл­кен сарайдың ханымына қызмет көрсетіп жүрген жауынгерлер берілген бұйрықтан соң оны күн­нің астында қалдырып, азаптай­ды. Күні кеше Әсия ханымның бетіне тура қарай алмай жүрген жасақ­тар енді оның өте мүшкіл халіне куә болды. Бұл жағдайды біз бүгінгі өмірімізбен байланыс­тырар болсақ, оңай емес екенін көреміз. Бізге түрлі сынақ келген­де Алланың разылығы үшін қандай да бір істі қалдырдық па? Өмір парағымызға көз жүгіртер болсақ, «Алланың разылығы үшін мен қандай нәрседен бас тарт­тым?» деген сауалға қалай жауап берген болар едік. Ұнап тұрған көйлектен Алла разылығы үшін бас тарттыңыз ба? Кездейсоқ сәтте Алла разылығы үшін садақа бердіңіз бе? Бұған көп адам мән бере бермейді. Бірақ ол Әсия ханымның жанында салыстыруға да келмей қалады. Қанша рет сен Алла разылығы үшін жұмысыңды жауапкершілікпен істедің? Осы жерде біз кемелдікке жеткен әйелдердің бағасына жете аламыз. Өйткені, пайғамбарымыз (с.а.с) оларды бұл дүниедегі адамдардың ең құрметтісі әрі жұмақтың ханым­дары деп баға берген.

Ұзақ азаптан кейін Әсия ханым­ды Перғауынның алдына алып келеді. Сонда ол жасақта­рына «өздеріңмен бірге көтере ала­тын ең үлкен тас ала келіңдер» деп бұйрық береді. Осы жерде қоса кетейін, Перғауынның жасақ­­тары үйдей тастарды көтере алғанымен белгілі. Алып пирами­даларды көз алдыңызға елестете беріңіз.

Перғауынның жасақтары Әсия ханымды жерге жатқызып, байлап тастайды да, үстіне ауыр тасты жіппен іліп қояды. Пер­ғауын жақындап келіп Әсияға: «саған кіріп кеткен жыннан, дінің­нен бас тарт» дегенімен, ол Әсиядан «менің жаратушым бір Алла» деген өткір жауап қана естиді. Мен сол кезде Әсия ханым­ның қандай күйде болып, қандай сезімде болғанын білмей­мін. Бірақ сөзсіз түрде бұл ерекше жағдай. Ол қандай күш, қандай сезім? Сол сәтте Әсия ханымның жүрегі қандай сезімге толы болды? Сөзбен айтып жеткізу қиын бұл сезімнің бізге ұшқыны жетсе екен деп тілейміз. Ашуға булыққан Пер­ғауын оны ұрып жібереді. Сон­да Әсия ханым алдымен күледі, соңында жәй ғана жымияды. «Мына жындыны көрдіңдер ме? Мен оны ұрсам, ол маған күледі» дейді Перғауын одан сайын ашуланып. Бірақ ол Әсияның неге күлгенін білген жоқ, өйткені, ол басқа әлемде болатын. Бітті. Оның тәнін азаптағанымен, оның жаны мен жүрегі өте жоғарыда болатын. Жүрегінде иманы бар жандар мұсылман әйелдер мен ерлер үшін Алла Тағала Мәриям (р.а) мен Әсия (р.а) мысалға келтірді. Әйелдер қауымы осы абыроймен мақтанулары керек. Иман мәселесінде сендер үшін мысал бола алатын әйелдерді атады. Оның бірі – Перғауынның әйелі, Әсия ханым. Ол Алла Таға­лаға: «Раббым Алла! Мені Пер­ғауын мен оның зұлымдығынан құтқар. Маған Жәннатта Өз жаның­нан сарай тұрғыз» деп жал­барынды. Бұл жерде сіз бен бізге сабақ боларлық ғажап өсиет жа­тыр. Бұл жалған дүниеде қан­дай сарайда тұрғандарың маңыз­ды ма? Одан да мәңгілік өмірдегі, жәннаттағы сарайды ойлауымыз керек. Әсия ханым жалбарын­ғанда алдымен сарай деген сөзді емес, Алла Тағалаға «Өз жаның­нан сарай тұрғыз» деді. Ғалым­дардың айтуынша, Әсияның сол сәттегі дұғасын Алла қабыл етіп, Пер­ғауын «тасты үстіне тастаң­дар» деп бұйрық бергенше Алла оның жанын жәннатқа көтеріп жіберді дегенді айтады. Сұбхан­алла. Бұл оқиғадан Аллаға деген махаббат­ты, қиындыққа сабыр­лық­пен төзуді көреміз. Әсияның Аллаға деген шынайы махаббаты дүниелік нәрселерден де биік болғандықтан, ол Перғауынның үлкен сарайына алаңдаған жоқ, оның рухы Алла­ның жанында бола­­тын.  Біз дәл солай Аллаға мойын­сұнып өмір сүре аламыз ба? Маңызды бір жәйт, Алланы еске алған сәтте сендер Оның жанын­да бола­сыңдар. Бүгін осымен Әсия ха­ным­ға арналған лекция­лар желі­сін аяқтаймыз. Аса Рахымды, Ерек­ше мейірімді Алла­дан жән­нат­та өз Жанынан бізге үй тұрғы­зуын сұраймыз. Әмин!

(Жалғасы.

Басы өткен сандарда.)

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *