КЕМЕЛДІККЕ ЖЕТКЕН ӘЙЕЛДЕР

Осы дүниеде кемелдікке жетіп, жәннатпен сүйіншіленген, Жәбірейіл періште арқылы тікелей Алладан сәлем алған Хадиджа анамыздан кейін Фатиманың өмірбаянына тоқ­тал­мақшымыз. Ол – пайғамбары­мыздың көзінің нұры. Фатима дегенде біз оның пайғамбарымыз (с.а.с.) қызы, Әлидің жұбайы, Хасан мен Хусейннің анасы, ал оның өзінің шешесі – Хадид­жа екені есімізге түседі. Ол пайғамбарымыздың төртінші қызы. Жаратушы Алла Хадиджаға пайғам­барымыздан Зейнеп, Руқия, Үммі Гүлсім, Қасым, Абдулла, Фатима сияқты перзенттер сүюді нәсіп етті. Фатима дүниеге келгенде әкесі оны құшағына алып тұрып: «О, Хадиджа, бұл берекелі жан» дегенді екі-үш мәрте қайталайды. Хадиджа қызының әке­сінен аумайтындығын бірден бай­қайды, өсе келе, тіпті, жан-дүниесі де әкесіне ұқсайды.

Жаратушының қамқорлығының ғажаптығы сонша, пайғамбары­мыз­дың таңдаулы екені әрбір нәрседен көрінетін. Фатима әкесіне пайғамбар­лықтың келуінен бес жыл бұрын дүниеге келген болатын. Осы уақыт­тары құрайыш тайпасы Қағбаны қалпына келтіріп, жөндеп жатқан бола­тын. Өйткені, Қағба өртке ора­нып, оны меккеліктер қалпына келті­ріп жатқан болатын. Бұл оқиға ұзақ әңгімелерден тұратын деректерде сақталған. Қара тасты орнына қою үшін пайғамбарымыз (с.а.с.) таңда­лын­­ған болатын. Дәл осы жылы Фати­ма дүниеге келеді. Бұл бір жағы­нан жақ­сы­лықтың белгісі сияқты болатын. Өйткені, пайғамбарымыздың ұрпағы Фатима арқылы жалғасты. Айшадан «пайғамбарымыз үшін ең сүйікті адам кім?» деп сұрағанда Фати­ма деп жауап берген. Сондықтан Фатима бұл дүниедегі бірде-бір адам­мен салыс­тыруға келмейді. Себебі, ол пайғам­барымыздың жанының бір бөлшегі, ешкіммен де, ештеңемен де салыс­тыруға келмейтін оның бір нұсқасы.

Фатима – әйелдердің еліктеуге тұрарлық тұлғасы, пайғамбары­мыз­дың көшірмесі. Мұны қалай түсіне­міз? Пайғамбарымыздың өмірінің барлық қыры бізге керемет үлгі. Оған еліктеу арқылы біз Алланың разылы­ғын алып, Оған деген махаббаты­мыз­ды берік ете аламыз. Қандай сұрақ, мәселе болсын мұсылмандар Алла елші­сінен өнеге алар болса, міне, солар тура жолда. Ал енді әйелдердің еркектерден айырмашылығы көп. Олардың киім киюі, бала тәрбиесі, әйелдерге тән жұмыс-шаруа, олардың табиғаты секілді сұрақтарда олардың пайғамбарымызды үлгі ете алмайтыны айдан-анық. Міне, осы тұста әйелдер Фатиманың соңынан ере алады. Оны үлгі қыла алады. Өйткені, Фатима әкесінің дәл көшірмесі болатын.

Фатиманың Алла алдындағы дәрежесін пайғамбарымыздың «Фати­ма разы болса, Алла да разы, ол ашу­ланса, Жаратушы да ашулы» деген сөзінен-ақ көруге болады. Фатиманың үлгілі өмірі жайлы хадистер, адамгер­шілігі турасындағы кітаптар, оның өмірбаяны туралы деректер көп сақ­талған. Имам Бухари ол жайлы кітап құрастырып, хадистер жинап, оны «Фатима аз-Захраның адамгершілігі» деген атаумен атаған. Имам Нәуауи де дәл солай еңбектер арнаған. Әрбір қыз баласы Фатиманың өмірінен өзіне үлгі-өнеге ала алады.

Ол жайлы біз келесі лекциямызда сөз етеміз.

 

(Жалғасы. Басы өткен сандарда).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close