Кемелдікке жеткен ӘЙЕЛДЕР

Үрей билеген немесе сәтсіздікке ұшыраған жан болса, алдымен оның жақсы қасиетін есіне түсір

Өткен лекциямызда айтқандай, Хадид­жаның пайғамбарымызды құ­шақ­тап, кеудесіне басып, сабырмен ерекше ақылдылық танытуы оның терең иманы мен шынайы, адал махаб­батын көрсетсе керек. Пайғамбарымыз Жәбірейіл (а.с) көріп, тұла бойы қал­шылдап, дірілдеп әйеліне келгенде, Хадиджа оны қымтап, сабырға шақы­рады. Сонда өз-өзіне келген пайғам­барымыз (с.а.с)  «Хадиджа, мен расы­мен шошып қалдым» дейді. Осы кезде әйелінің іс-әрекеті мен оның күйеуіне айтқан сөзіне мұқият назар аудары­ңыз. «Алламен ант етемін, Мұхаммед! Жаратушы сені өлімге душар етпейді» дейді. Осындай жағдайды бүгінгі күн­мен салыстырып көрейікші. Егер де бір жігіт жұмыста болған проблема, басқа да қиындықты әйеліне айтар болса, не болады? Әлгі жағдай одан бетер ушы­ғып кетеді. Немесе ол өзін алаңда­та­тын жағдайды әйеліне айтар болса, не болады, иә, оның әлгі қаупі сейілудің орнына екі есе өсіп, ұлғайып кетеді.

Ал Хадиджа болса сөзсіз ақыл­дылығы мен иманымен қоса, даналық таныта білді. Ол жоғарыда айтқан сөздерінен кейін күйеуінің ең жақсы қасиеттерін тізіп айта бастайды. Сен ақиқат үшін қиындықты көтеруге дайын­сың, басына іс түскендерге үнемі көмек қолын созасың, кедей-кепшіктерге жәрдемдесіп, туысқандық байланысты үзген емессің. Жаратушы Алла мұндай қасиетке ие жанды қиын­дыққа қалдырмайды. Әйелінің осы сөздерінен кейін-ақ пайғамбарымыз сабырға келеді. Енді осыдан кейінгі екінші жағдайға назар аударыңыз. Хадиджа мен пайғамбарымыз сөйлесіп отырғанда Жәбірейіл періште үйге кіреді. Сонда әйелі пайғамбарымыздан «періштені көріп тұрсың ба?» деп сұрайды. «Иә» деген жауап алған Хадиджа енді күйеуіне «менің жамба­сыма отыршы, енді көріп тұрсың ба?» дейді. Тағы да «иә» деген жауап естиді. Онда менің екінші жамбасыма отыр, періштені көріп тұрсың ба, жоқ па? деп сұрайды. Тағы да сондай жауап алады. Бұл жердегі Хадиджаның көре­гендігі мен тапқырлығы адамды еріксіз сүйсіндіреді. Оның басында орамалы болатын. Ол шашын шығарады да, «енді көріп тұрсың ба?» деп сұрайды. «Жоқ, көрмей тұрмын» деген жауап алады. Сонда Хадиджа «Қуана бер, Алламен ант етемін, ол шайтан емес. Ол періштелердің біреуі» дейді. Осы­дан кейін ол күйеуін ертіп немере ағасы Уарақа ибн Нәуфәлға барады. Ол христиандық пен өзге де қасиетті кітаптар жайлы жақсы білетін. Болған жәйтті естіген Уарақа қатты таңғалып, егер айтқандарыңның бәрі шындық болса, онда ол Мұса пайғамбар мен Иса пайғамбарға көктен түскен періште. Егер қазір менің жалындап тұрған жастық шағым болғанда саған көмектесіп, жаныңда арқасүйерің болар едім. Сені халқың сені қаладан қуып шыққанда жаныңда болар ем деген өзінің тілегін айтады. Сонда пайғамбарымыз «мені өз қаламнан қуа ма?» дейді таңғалып. Сонда Уарақа ибн Нәуфәл бұған дейінгі уақи түскен пайғамбарларды өз халқы жау көріп, қаладан қуып шыққанын айтып береді.

 

Даналық – әйелге тән қасиет

 

Жәбірейіл періштені көрген Пай­ғам­барымыз бен Хадиджаның арасын­дағы жағдайдан біз сабақ алуымыз керек. Егер үрей билеп алған адам болса немесе сәтсіздікке ұшыраған жан болса, алдымен оған оның ең жақ­сы қасиеттерін есіне түсір. Сонда ол адам өз-өзіне келеді. Хадиджа солай істеп күйеуін сабырға шақырды. Әрбір әйел баласы күйеуіне осылай қолдау білдіре алуы керек. Хадиджаның шаш көрсету әрекеті ислам келмей тұрып, оның діннен сауаттылығын көрсетсе керек. Олардың Уарақаға баруы пай­ғамбарымыздың көңілін кәдімгідей тыныштандырады. Осыдан соң Мұхам­медтің пайғамбар екендігін алғашқы болып әйелі Хадиджа мойындайды. Еркектерден Әбу Бәкір, балалардан Әли, қызметшілерден Хайд Ибн Харис, Біләл мырза мойындайды. Бірақ ең бас­тысы, Мұхаммедті пайғамбар ретін­­де ең бірінші мойындаған – ол әйелі, Хадиджа анамыз. Ол исламды алғашқылардың бірі болып қабыл­дады.

Кейін пайғамбарымызға алғашқы уахи түскенде де ол алдымен әйеліне бар­ды. Сондықтан сөзсіз түрде дана­лық әйелге тән қасиет дер едік.

Хадиджаның Алла Тағаланың ал­дындағы дәрежесінің жоғарылығы айтпаса да түсінікті. Жаратушы оған пайғамбарымыздан бала сүйіп, бірне­ше құрсақ көтеру бақытын нәсіп етті.

Осыдан кейін олардың исламға қызмет етуі, соның жолында Хадид­жа­ның бар малы мен денсаулығын шы­ғындауы сияқты қиын кезеңдер, сынақ­тар басталады. Өйткені, ол адам­дардың емес, Алланың разылығын ғана көздеді. Соған ғана ұмтылды. Көп құдайға табынушылар исламға қарсы шығып, пайғамбарымызға қол көтере­ді. Меккенің ханымы болған Хадид­жаны көшеде мазақтай бастайды. Бірақ бұл сынақтың бәрі оның Алла алдын­дағы дәрежесін көтере түскен болатын.

 

(Жалғасы. Басы өткен сандарда).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *