КЕМЕЛДІККЕ ЖЕТКЕН ӘЙЕЛДЕР

Өткен лекциямызды Мәриям­ның туған үйін тастап, шығысқа қарай жол жүріп шыққанымен аяқтаған болатынбыз. Иса пай­ғамбарға жүкті болатынын білген ол, өмірінің жаңа кезеңі баста­латынын түсініп, жыраққа кетеді. Адамдардың көзінен таса кетіп, оңашада Құдайға құлшылық қылады. Әу баста Мәриямға Алла Тағала тарапынан рух жіберілетін. Ол – Жәбірейіл періште еді. Мәриям жалғыз өзі жапан далаға кеткенде де оған Жәбірейіл періште келеді. Бірақ бұл жолы адам кейпінде көрінеді.

Құран аяттарына көз жібер­сек, Алла Тағала: «Біз оған Өзіміз­дің Рухымызды жібердік» дейді. Дәл осы сөздерде жасырын даналық жатыр. Бұл жердегі рух – Алланың жаны емес. Сол рухты жаратушы бір Алла. Сол үшін Жәбірейіл періште мен Иса пайғамбарды Алланың рухы деп те айтады. Иса пайғамбарды ешбір себепсіз Мәриямның жаты­рына рух үрлейді. Бұл — тылсым құбылыс. Осы жердегі бір сәтке назар аударыңыз. Иса пайғамбар саздан құстың бейнесін жасап, оған үрлегенде ол кәдімгі құсқа айналатыны Құранда айтылады. Бұл кереметтің бәрі Жәбірейіл періштенің Мәриямның құрса­ғына үрлеген рухпен байланысты.

Жоғарыда біз Мәриямға Жәбірейіл періштенің адам кей­пінде келгенін айтқан болатын­быз. Егер Жәбірейіл өз кейпінде келер болса, оған қарауға адам­ның көзі шыдамайды. Оның бір қанатының өзі батыс пен шығыс­ты тұтастай жауып кетеді. Егер жер шарын жайып жіберсек, оның қанаты жер шарын түгел қамтиды деп айтылады. Пайғам­барымыз (с.а.с) өзі Жәбірейіл періш­тені өз бейнесінде екі-ақ рет көрген. Сондықтан ол адамдар­дың көзіне адам кейпінде ғана көрінген.

Оңашада отырған Мәриямға Жәбірейіл періште сұлу, таза, жас жігіт бейнесінде келеді. Кейбір ғалымдар Жәбірейіл періштенің сондай кейіпте көрінуі – Алла Тағаланың Мәриямды соңғы рет сынауы болатын деген болжамдар айтады. Өйткені, оңашада Құ­дайға құлшылық қылып отырған Мәриям – періште емес, адам. Оған өте сұлу, көркем жас жігіттің келуінің артында – Мәриямның Құдайдың алдындағы адалдығы сыналады. Оңашада отырған жас қызға әдемі жігіт келеді. Мұндай сәтте Мәриям қандай сезімде болуы мүмкін? Бүгінгі күні жас қыздар теледидардан небір фут­болшы немесе әртіс жігітті көріп, соларды ойлап, басы айналып жүреді. Ал Мәриямның өміріне қарасаңыз, Алла Тағала оның өмірі арқылы бізге ғибрат айтады.

Жас жігітті көрген Мәриям бірден Алланы есіне алып, Алла­ның құдіретіне жүгініп, сыйы­нады. «Егер сен тақуа болсаң да сенен аса Рақымды Аллаға сы­йынамын» дейді. Сондықтан Алланың Рахман (аса Рақымды) есімі тек Оған, Аллаға ғана тән. Жәбірейіл періште мен Мәриям­ның арасындағы әңгіменің жалғасын келесі лекциямызда жалғастыратын боламыз.

(Жалғасы.

Басы өткен сандарда).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *