Кемелдікке жеткен әйелдер

Өткен лекцияларымызда Мәриямның анасы Ханнаның Алла алдындағы төрт әрекеті Оның тарапынан қабыл алынғандығы жайлы айттық. Бірінші, анасының ізгі ниеті болса, екіншісі «Сенің дініңе қызмет ететін баланы менен қабыл ал» деген ақкөңіл ниеті болатын, үшінші қызына «Аллаға қызмет етуші» мағы­насындағы жақсы есім берсе, соңында баласы үшін қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынып, дұға тіледі.

Ханнаның төрт дұғасын қабыл алған Алла Тағала Мәриямды көркем түрде өсіргендігін айтады. Ол жер бетіндегі әйелдердің арасынан кемелдіктің шыңына шығумен қатар, оның мінезі, жүріс-тұрысы, жан-дүниесі, келбе­тінің өте сұлу болғандығы айтылады. Мұның бәрінің артында анасының дұға­сы жатқанына назар ауда­рыңыздар.

Мәриямның әкесі Имран қызы өмірге келмей тұрып қайтыс болады. Егде тартқан жасында емізулі баласымен қалған Ханна қызын қалай өсіреді?  Оны Алла Тағала Құранда пайғамбарымызға (с.а.с)  былай баяндайды. Туыстарының арасында талас басталғанда, олар қолдарын­дағы таяғын өзенге лақтырып, таяғы ағысқа қарсы жүзген адам Мәриямға қамқор болады деп келіседі. Сол кезде Зәкәрия­ның таяғы өрге жүзіп, Мәриямды өзінің қам­қор­лығына алады. Ол үнемі Мәриямның намаз оқитын бөлмесіне кірген сайын оның жанынан түрлі жеміс-жидек табатын. Туғанынан періш­телердің қорғауындағы Мәриямның жүзі нұр шашып тұратын­дықтан, оның ақылы мен көркі келіскен тамаша жан болғандығы айтылады. Алла­ның өзі қорғауына алған Мәриямға шайтан жолай алмайтын. Құранда ол туралы Алла Тағала: «Алла оның (Ханнаның) дұғасын көркем түрде қабыл алып, Мәриямды көркем түрде өсіріп, жеткізді» дейді. Бұл оқиғада біз үшін үлкен ғибрат жатыр. Егер біз «Иә, Алла, менің отбасым мен балаларым да бір Сенің разылығың үшін, оларды менен қабыл ал» дұға ететін болсақ, Алланың атымен ант етемін, таңғажайып оқиғаларға куә боласыз. Отбасыңыз бен бала­ларыңыз Алланың қорғауында болады.

Мәриямды қамқорлығына алған Зәкәрия үлкен жауап­кершілікті сезініп, есігі жоқ биік мұнара салып, Мәриямды сонда өсіреді. Керек кезінде өзі баспалдақпен көтеріліп, түскенде қайтадан баспалдақты алып қояды. Оған ешкім көтеріле алмайтын. Өз-өзімен оңашада қалған Мәриям білім алып, бес жасында Алла­ны таныған. Ал 11-12 жасында ол Аллаға шынайы берілген тақуалардың қатарынан бо­лады.

Қыста Мәриямның жаны­нан Зәкәрия жаздық жеміс­терді көріп, «бұлар саған қайдан келді, мен ештеңе бермеп едім» деп сұрайды. Сонда «олар Алла Тағаладан» деген жауап алады.

Мен балама ақша бермеген күні, ол сырттан ақша алып келетін болса, мен оны оған кім бергенін міндетті түрде сұрай­мын. Бәлкім, ол ақша арам жолмен келген шығар берген адамға. Оның үстіне біз (лек­цияны жүргізіп отырған Мұхаммад ас-Саккаф – пайғамбарымыздың ұрпағы) пайғамбардың ұрпағы садақа, зекет дегенді алмаймыз деп түсіндіремін.

Мәриям мен Зәкәрияның арасындағы диалогтың сабақ боларлық ең нәзік иірімдерін келесі лекциямызда жалғасты­рамыз.

 

(Жалғасы. Басы өткен сандарда).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *