Кемелдікке жеткен әйелдер

Қандай ата-ана болса да, баласына үнемі бас-көз болып, жанында жүре алмайды. Оны аурудан, жасырынған жамандықтан, тіпті, шайтаннан қорғай алмайды. Мұсаның анасының оны өзенге ағызып жібергені есіңізде болар?! Сондықтан қай жағдайда болмасын, балаңызды Аллаға тапсырыңыз. Ханна қызына Мәриям деп ат берген соң «Мен баламды Мәриям деп атадым. Сенен өтінерім оны және оның ұрпағын қуылған шайтанның кесірінен сақтай гөр» деп Аллаға жалбарынып, дұға тілейді. Бізге жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.с) «әрбір бала дүниеге келгенде оған шайтан тиіседі. Сол шайтанның түрткілеуінен бала жылайды. Бірақ ол Мәриям мен оның ұлы Исаға ғана тиісе алмайды» деген. Әбу Хурайраның айтуынша, Мәриям өмірге келгенде оның айналасы ерекше нұрға бөленген. Шайтан оған тиісуге жақындаған сәтте Жәбірейіл періште оны қағып жіберіп: «саған олай қарай жол жоқ» деп жолын бөгегені айтылады. Мәриямды қоршап тұрған нұрдан ең үлкен шайтанның өзі өте алмаған дейді дерек­көздер. Сондықтан біз Мәриямның анасының қызы және оның ұрпағы үшін тілеген дұғасына мән беруіміз керек. Ханнаның дұғасы қызы Мәриямның босанып, өмірге Иса пайғам­барды әкелгеніне дейін қорған болады. Әрине, мұның бәрі Алланың қалауымен жүзеге асты.

Бүгін біз қандаймыз? Аяғы ауыр екенін білген сәтте бүгінгі күнгі әйелдердің ең басты ермегі – ұл ма, қыз ба деген сауал болады, баласының жынысы белгілі болған сәтте дүкен аралап, киім-кешек қарап, бесік іздеп кетеді. Айы-күні жақындағанда супермаркетті жаға­лап, дастарханға тәтті-кәмпит алып, келетін қонақтарды күтіп алуға қам жасайды. Мұның бәрі жақсы ғой. Бірақ біз ең басты нәрсе – баланың қауіпсіздігін ұмытып кеттік. Егер жас аналар «баламды шайтаннан сақтай гөр» деп дұға жасаса, онда баласын қорғаған болар еді. Мұндағы мақсат – аналар қауымы жоғарыдағы дұғаны жат­тап алып, баласы, ұрпағы үшін оқыса, Алла оларды қорғайды. Одан кейін пайғамбарымыз (с.а.с) ұлдары Хасан мен Хусейн ауырып қалған кезде «Алланың мінсіз сөздеріне жүгініп, сол сөздердің сендерді кез-келген шайтан­нан, құрт-құмырсқа мен жаман сөздер­ден қорғауын сұраймын» деп дұға еткен. Дәл қазір қолдарыңызға қағаз бен қалам алып, бүгінгі екі дұғаны жазып, жаттап алулары­ңызды сұраймын. Біз Алладан өзімізді, ұлда­рымыз бен қыздарымызды, барлық мұсылман­дарды шайтанның кесірінен сақтауын сұраймыз. Әмин.

 

(Жалғасы. Басы өткен сандарда).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *