Кемелдікке жеткен әйелдер

Өткен лекциямызда біз Ханнаның (Мәриямның анасы) аяғы ауыр екенін білген сәтте Жаратушы Аллаға «құр­са­ғымдағы баламның тек Сенің дініңе қызмет еткенін қалаймын» деген ниетпен ант еткенін білеміз. Оның осы ізгі ниеті өз уақытында бұл әлемді Тажал­дан құтқаратыны дінімізде айтылған. Құран аяттарында айтыл­ған­дай, Ханнаның 4 әрекетіне Жара­тушы Алла оған 4 нәрсе нәсіп еткен. Оның алғашқысы – Ханнаның Аллаға берген уәдесі. Екіншісі – оның қыз бала босанған кезде Мәриям деп атауы.

Ханна қыз бала босанған сәтте «Жаратушым, мен қыз босандым. Енді саған берген уәдемді қайтем?» дейді. Анығында «Ханнаның ұл емес, қыз бала өмірге әкелетіні құдіреті күшті Аллаға ғана аян еді. Ұлдың қыз баладан табиғаты бөлек» (мағынасы ғана айтылған – авт.) дейді «Әли Имран» сүресінің 36-аятында. Бұл аятты кейбіреулер қате түсініп, «Құран­ның өзінде Алла Тағала ер мен әйел адамды бөліп айтады. Сонда теңдік қайда?» деп қате тәпсірлейді. Бұл аяттың мағынасы терең. Ол – Жарату­шы Алланың сөзі. Құранды терең талдаушылар «Ұлдың қыз баладан табиғаты бөлек» деген аятты Ханнаға қатысты айтылған болу керек деп жорамалдайды. Өйткені, Байт-әл-мағдиске тек ер адамдар ғана қызмет ететін. Сондықтан Ханна қызына Мәриям есімін береді. Еврей тілінде ол «Жаратушыға бойұсынушы» деген мағынаға ие. Демек, Ханна баласына берген есімінің өзіне бей-жай қарама­ғанын көреміз. Бұл жоғарыдағы аятқа берілген бірінші түсініктеме. Екінші түсініктеме аяттың мағынасын жақсы жеткізген. Ондағы «Ұл қызға ұқса­майды» деген сөз Ханнаның емес, Алланың сөзі. Онда Жаратушы Алла Ханнаға «саған берген қыз бала сенің менен сұраған ұлға ұқсамайды. Менің саған берген қыз бала мың ұлдан да артық. Мен саған Өзіме қызмет ететін қыз бала бердім. Оның ұрпағында береке бар».

Қол жайып Алладан тілек тілеген сәтте Оның сіз сұрағаннан да қайыр­лысын беретінін ұмытпаңыз. «Менің сұрағаным басқа еді» демеңіз, өйткені, Алла Тағала бізге не қайырлы екенін бізден жақсы біледі.

Ал «Ұл қызға ұқсамайды (ұлдың қыз баладан табиғаты бөлек)» деген аят ер баланың қыз баладан артық тұрға­нын, одан үстемдігін білдірмейді. Бұл аят мұндай мағынадан өте биікте. Мәриям оқиғасы бұл дүниедегі теңдікті білдіреді.

Ханнаның үшінші ісі баласына әдемі есім бергені. Пайғамбарымыз (с.а.с) әдемі есімдерді жақсы көрген. Өйткені, есім баланың тағдырына да әсер етеді. Кейде адамдар баласына нашар есім беріп, кейін «баламның міне­зі жаман» деп шағымданып жата­ды. Сондықтан балаларыңызға жақсы есім таңдаңыздар. Балаңыздың есімі сіз бен Алланың арасындағы көпір бол­сын. Жаратушы Алла өзінің елшісіне де Мұхаммед, Құранның кей аятта­рында Ахмет деп әдемі есім берген. Тіпті, Алла елшісінің жастай өмірден озған ұлдарының өзін Қасым, Абдул­ла, Ибрахим деген мағынасы терең есімдермен атады. Бала – Алланың сізге берген үлкен сыйы, ұрпағы­ңыздың жалғасы, Алланың сенімі.

Алла біздің есімімізді ғана емес, мінезіміз бен жан-дүниемізді де сұлу­лыққа бөлесін деп тілейік. Әумин.

 (Жалғасы. Басы өткен сандарда).

  

Тосын сұрақ – тосын жауап!

Ассалаумағалейкүм! Менің қояр сұрағым: банктен беріле­тін «несие картасын» қолдануға бола ма? Ол карта арқы­лы қолданған соманы 55 күн ішінде қайтарсаң, үстінен ешқан­дай пайыз қосылмайды. Сол себепті, 55 күнге жеткізбей алған соманы қайтарып жүрмін. Бірақ соның өзінде арам деп естідім. Осыны тарқатып айтып берсеңіздер! Рахмет.

 

Еркебұлан.

Уағалайкүмассалам уа рахматуллахи уа бәракәтух!

Пайғамбарымыздың (с.а.с) заманындағы арабтар берген қарызының уақыты келгенде борышкерге: «Қарызыңды қайтар немесе үстіне ақша қос», – деп талап қоятын.  Осылайша уақытын создырғаны үшін артық төлем алатын болған. Сіз сұрап отырған несиенің түрі де осыған ұқсас. Оның үстіне, несиелік картасы өсімге ақша беру жүйесіне негізделгендіктен, Ислам ғалымдарының көпшілігі картаның бұл түрін арам (харам) деп есептейді. Сол себепті, аталмыш карта түрін пайдаланбаған дұрыс.

Естеріңізге сала кетсек, төлем карталары «дебеттік» және «кредиттік» (үшіншісі дебет-кредиттік картасы) болып бөлінеді. Дебеттік картасында несиеге ақша берілмей, тек өзінің енгізген сомасын ғана пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Ал несиелік картасында банктың берген қарыз сомасының мөлшерінде төлемдерді жүзеге асыруға немесе ақша алуға мүмкіндік бар. Бірақ алынған несие мерзімді уақыт ішінде (50–55 күн) қайтарылуы тиіс. Бұл уақыттан кешіктірсе, алған несиені үстеме пайызбен өтеу керек болады. www.Іslam.kz.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *