Кемел келешек кілті – білімде

 

«Рухани жаңғыру», ең алдымен, жастардан басталуы керек. Өйткені, өскелең ұрпақ – Қазақстанның болашағы. Сон­дықтан жастар тәрбиесі бүгінгі күн тәртібіндегі басты тақырып. Ал оларды тәрбиелеумен айналысатын мұғалімдер қауымы да шет қалмай, Елбасы бағдарлама­сының қыр-сырын меңгеруі тиіс.

Осы орайда Алматы қаласы Әуезов ауданы №126 мамандандырылған лицейде бәсекеге қабілетті, жан-жақты білімді, дарынды балаларды қолдау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Бұл лицейде дәстүрге айналған оқу жылының қорытын­дысы бойынша «Кемел келешек кілті – білімде» тақырыбында дарындылар мен үздік оқушылардың  форумы  жоғары дәрежеде өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы мәсли­хатының депутаты Ерболат Қасымов, Білім басқармасынан «Қалалық әдісте­мелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертханасы Дарынды балалармен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі Гүлсім Пашаева, Әуезов ауданы білім бөлімінің бас маманы Гүлнар Ноғайсариналар қатысып, үздік ұстаздар мен оқушы­лардың жетістіктерін тамашалады.

Міне, қызыл кілемнен өтетін үздіктер де тықыршып тұр. Жүздері балбұл жайнайды. «Еңбегінің жемісін көру» деген осы шығар, сірә.

Бірінші, үздік ұстаздар шеруі өтті, әрқайсысының жетістіктері аталып жатты.

Екінші,  ғылыми жобадан, халықара­лық, республикалық, қалалық, аудандық білім сайысынан үздік шыққан оқушылар лек-легімен өтіп жатты.

Үшінші, өнер саласы бойынша  төртінші, спорт саласы бойынша үздіктер салтанатты  шерумен жүріп өтті. Сонымен қатар, «Жыл оқушысы» байқауының жеңім­паздары 5-6 сыныптар арасында 6 «ә» сынып оқушысы Қарақат Жұмаш, 7-8 сынып арасында 7 «ә» оқушысы  Шапағат Тағайбек, 9-10 сыныптар арасында 10 «а» сынып оқушысы Маржан Қонысбаева  да осы шерудің қатарын толықтырды.

Қонақтар лицейдің ауыз толтырып айтарлық жетістігі бар екеніне куә болды. Көрермен ретінде қатысып отырған ата-аналар да жақсы пікірмен тарасты.

Әрине, бұл жетістіктер шаршау, қажуды білмейтін мұғалімнің үлкен маң­дайтері. Әр ұрпақты «тетігін тауып, кірпіш қылып қалаған» шебер ұстаз­дардың еңбегі.

Осындай білім ордасын басқарып, бағыт-бағдар беріп отырған лицейдің директоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Мырзахан Төлендиевтің ұйымдастыру қабілетінің шеберлігі. «Оқу мен тәрбие – егіз» демекші, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз ісінің маманы, еңбекқор Тамара Ермекованың да тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын ұрпақты тәрбиелеудегі үлесі мол екеніне көз жеткіздік. Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында екенін ұмытпайық.

 

Н.ЕГЕМБЕРДІ,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *