Келушілерді тосын сый күтеді

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мерекелік іс-шаралар өтеді.  20 наурыз күні барлық аудандық бөлімдерде  (Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандық және мамандандырылған ХҚКО бөлімдерінде) қызметкерлер халыққа ұлттық киімде отырып қызмет көрсетеді. Барлық бөлімдерде Наурызға арналған бұрыш ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылып, келушілер наурыз дастарханынан дәм ауыз тиіп, наурызкөже ішеді.

ХҚКО-ға келушілер арасында түрлі байқаулар (бата беру, мақал-мәтел айту, асық ату, арқан тартысу, балалар суреті, өзге ұлттардың Наурыз жайлы түсінігін айту, т.б.) ұйымдастырылады.

Осы күні ХҚКО-ға келуші қала тұрғындарын басқа да тосынсыйлар мен сыйлықтар күтеді. Халыққа қызмет көрсетіп қана қоймай, мерекелік пейіл мен көңіл-күй сыйлайтын орталыққа бастамаларыңыз оң болсын, бәрекелді дейік!

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *