Келер жылы емханалар қағазсыз жұмыс істейді

«Сандық технология» жол  картасы  Алматы қаласындағы емдеу  мекемелеріне жол тартты

Президентіміз «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» және биылғы жылы қабыл­даған  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы  дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Жолдау­ла­рында ақпараттық жүйе­лерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосым­шаларды қолдану, электрон­дық  денсау­лық паспортын енгізу, қағаз қолданбайтын ауруханаға көшу  арқылы медициналық көмек­тік қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттілігін атап айтқан болатын.  Елбасының бұл тапсыр­масы қазіргі таңда Алматы қала­сындағы емдеу мекемелерінде  қызу қолдау тауып, қаланың денсаулық сақтау салалары  бірыңғай ақпарат­тық  жүйеге көшу жұмыс­тарын белсен­ділікпен қолға алып,  ақпа­рат­тандыру жүйесіне қажетті құрал-жабдықтарды орналастыру үстінде. Бұл  іс-шара  Алмалы ауданына қарасты №8 қалалық емхана ұжы­мында да ұйымшыл­дықпен қолға алынуда. Алматы қаласы­ның  «Алма­ты –2020»  даму бағдар­ламасындағы «Дені сау қала» бағытымен  үндескен бұл игі істі жүзеге асыру мақса­тында   1 миллиард теңге  бөлініп, 6 мың  дана компьютер сатып алынған бола­тын. Қалалық денсаулық сақтау басқар­масы қазіргі таңда әр емдеу меке­месін тиісті жабдықтармен қамта­масыз етіп, бірыңғай ақпарттық жүйелері  құрылу үстінде.

– Қазір денсаулық сақтау саласы біртіндеп электронды жүйеге көше баста­ғаны белгілі. Электронды тіркелу,  элек­тронды кезек, дәрігерге алдын-ала жазы­лу,  дәрігерлік анық­тамаларды элек­тронды түрде беру жұмыстары бүгінде жақсы жолға қойылған. Ал енді  денсау­лық сақ­тау саласы толық бірыңғай ақпа­ра­ттық жүйеге көшкен кезде   қағазсыз жұмыс істеу мүмкін­дігіне ие боламыз.  Ол, ең алдымен, дәрігерле­ріміздің еңбек өнімділігін арттырып, науқасқа жеткілікті көңіл бөлуіне  мүмкіндік береді. Емделу­ші үшін де тиімді болмақ. Әр науқас өзінің жеке кабинеті немесе «Damymed» жүйе­сі арқылы алдын-ала дәрігердің қабылдауына жазылып, ақыл-кеңес алып, өзіне тағайындалған дәрі-дәрмектер мен емдік шараларымен танысып, еңбекке жарамсыздығы жөніндегі қағазының көшір­месін де  электронды тәсіл арқылы алатын болады.   Бұл жүйенің тағы бір артық­шылы­ғы –  ондағы «Беймаза нүкте»   жүйесі арқылы жүкті және бес жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдер кез-келген  уақытта осы жүйеге хабарлама жіберіп, өзіне және сәбиінің денсау­лығына байла­нысты  қажетті дәрігерлік кеңес алып, дәрігерге жолдама немесе онлайн дәрігерлік тағайындау алула­рына болады.  Әр науқастың элек­тронды паспорты жасалады. Ол арқылы науқас өзінің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік алады. Бұл   біздің көптен күткен жаңалы­ғымыз еді. Қолы қағаздан босаған дәрігерлердің науқас­пен көбірек жұмыс істеулеріне, аурудың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндіктері көп болады, – дейді №8 қалалық емха­наның бас дәрігері Фарида Ағыбаева.

Қаламыздағы  денсаулық сақтау салаларындағы   бірыңғай ақпарат­тық жүйеге көшу жұмыстары қараша айында  толық аяқталып, келер жылдан бастап емханалар тек  сандық техноло­гиялар негі­зінде жұмыс істемек.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *