«Kazakhstan Open» – 2018 қарсаңындағы журналистер жарысы

Гольфтен «Алматы ақшамы» өкілі үшінші жыл қатарынан жүлдегер атанды

Самат СЕРІКБАЙҰЛЫ

 Алматыда 13–16 қыркүйек күндері гольфтен кәсіпқойлар арасында «Kazakhstan Open» 14-Халықаралық турнирі өтеді. Дәстүрлі халықаралық гольф турнирі жыл сайын әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген танымал гольфшылардың бірқатарын жинап, олар ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады. Осынау халықаралық турнирдің арқасында Қазақстанда гольф ойыны қарқынды дамып, отандық спортшылардың алды «Kazakhstan Open» турниріне қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Биылғы турнир Алматыдағы халықаралық ойындар талабына сай келетін «Жайлау» гольф клубында өтеді.

28 тамыз күні Халықаралық турнир қарсаңында ұйымдастыру­шылар аккредитациядан өткен БАҚ өкілдеріне арнап гольф-пикник өткізді. Іс-шараның бағдарламасы бойынша, ұйымдас­тырушылар журналистермен баспасөз конференциясы, гольфтан журналистер арасындағы дәстүрлі турнир өткізді.

«Жайлау» гольф клубының гольф-директоры Станислав Стаськов БАҚ өкілдеріне Халықаралық турнирге ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, турнир кезіндегі бағдарламалармен, ережелермен таныстырды. Турнирге қазақстандық танымал теле-радио, интернет, газет-журнал, т.б. журналистері тартылған.

«Kazakhstan Open» Халықаралық турнирінің ресми ақпараттық серіктестерінің қатарында «Алматы ақшамы» газеті бар екенін айта кету керек.

Күннің қызықты сәттерінің бірі БАҚ өкілдері арасындағы гольф турнирі болды. Елдің беделді БАҚ өкілдері, 30 шақты журналист сайысқан дәстүрлі турнирге «Алматы ақшамы» үшінші рет қатысты. Газет тілшісі Нұрлан Сүйін 2015 жылы турнирдің чемпионы атанса, былтыр 2-орында болған еді. Нұрлан биыл да тартысты ойында екінші орынға тұрақтап, жүлдегер атанды.

Журналистер арасындағы жарыста гольф ойынының қыр-сырын меңгерген БАҚ өкілдері 13–16 қыркүйекте өтетін «Kazakhstan Open» – 2018 Халықаралық турнирінен жан-жақты ақпарат беретін болады.

 

Керек дерек

 

* «Kazakhstan Open» – 2018 Халықаралық гольф турнирі 13–16 қыркүйекте өтеді.

* Турнир Алматыдағы «Жайлау» гольф клубында шетелдік және қазақстандық спортшылардың басын қосады.

* Турнирге 130-дан астам гольф майталмандары қатысады.

* Турнирдің ұйымдастырушылары Europen Chellenge Tour, ҚР Гольф Федерациясы, Алматы әкімдігі қолдауымен «Жайлау» Гольф клубы.

* Турнирдің бас демеушісі Eurosіan Reseuces Group (ERG)

* Турнир «Жайлау» Гольф клубының 18 гольф алаңында өтеді.

* «Алматы ақшамы» – турнирдің ресми медиа серіктесі. 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *