Катардың ірі девелопері Алматыға инвестиция салу мүмкіндігін зерттеуде

 

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Катар бизнесмендері ассоциациясының төрағасы, «Фейсал Холдинг» компаниясы­ның басқарма басшысы Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Танимен кездесті. Тараптар мейманхана бизнесі саласында­ғы екіжақты инвести­циялық  байланысты дамыту, туризм, құры­лыс және басқа да мәселелерді талқылады.

«Al Faіsal Holdіng» – Катардың ірі жеке холдингі, ел экономикасын дамытуда басты рөл атқарады және Таяу Шығыстағы жетекші коммерциялық құрылым болып табылады.

Катар делегациясы Алматының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш­терімен,  туризм саласына, инфрақұры­лымды дамытуға қатысты жобалармен, Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен Арнайы экономикалық аймақтың әлеуеттерімен танысты.

– Алматы жедел дамып келе жатқан мегаполис, мұнда инвестиция үшін мүм­кін­діктер үлкен. Қала тау  етегіне орналас­қан, ғажап климат, ерекше мәдениет, сондықтан біз үшін туризм мен жылжы­майтын мүлік саласы қызығушылық туғызады. Алматыдан соң біз әріптесте­рімізбен бірге Астанаға барамыз, сапар қоры­тындысынан соң нақтылы келісім­дерге қол жеткіземіз деген сенімдеміз, – деп атап өтті  Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Тани.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *