КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН НАҚТЫЛАДЫ

Қозғалысқа қатысты шектеулерді Сақтамағандар жазаланады

Төтенше жағдайға байланысты талаптарды бұзған адамдарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу сияқты әкімшілік жаза қолданылады. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында карантин режімінің талаптарына орай өткен брифингте қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов  мәлімдеді.

–  Төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің талабына бағынбағандарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығы шектеледі, — деді ол.

Коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 798 адам анықталды

–  Қала гарнизонынның жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген деңгейіне көшті. Қазіргі таңда Департамент тарапыннан коронавирустық инфекцияның алдын алуға және оған тосқауыл қоюға бағытталған шаралар жүргізілуде. Басқа да мемлекеттік органдармен біріге отырып, инфекция жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған тұлғаларды іздестіруде. Бүгінгі күні осындай 798 азамат анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді, — деді Қанат Таймерденов.

Полиция департаментінің басшысы атап өткендей, Алматының шекарасынан автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылады, осыған байланысты қаланың барлық кіреберісіне және 10 магистральға 27 блок бекет қойылады, ол жерге күнделікті полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің сарбаздары жұмылдырылады. Қанат Таймерденов азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан   бұл  шараларға түсіністікпен қарауды өтінді.

Полиция департаментінің басшысы қаладағы аса маңызды мемлекеттік нысандар мен мекемелер тәулік бойында күзетке алынғанын, азаматтардың сауалдарына жедел жауап беру үшін Call centеr (254 40 07) орталығы  іске қосылғанын атап өтті.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *