Карантиннің пайдасы зор

Мәншүк БЕКБОСЫН

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

Карантин тәртібінің маңыздылығына тоқталған А.Молдағасымова
COVID-19 індетіне шалдыққан жергілікті 5 адамнан онымен байланыста болған 3 адам ғана жұқтырған.

«Орта есеппен алғанда қауіпті індетке шалдыққан жанмен сол үйде бірге тұратын 4-6 адам байланыста болады. Бұлардың барлығы карантин кезеңіне түсіп, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатпаған, қонаққа бармай, өзін-өзі оқшаулаған. Бұл – карантин тәртібінің маңыздылығын көрсетеді. Індет тез таралмайды. Яғни, жұқтыру ықтималдығы да аз болады», – деп атап өтті спикер.

Қауіпті індетті жұқтырған 5 науқастың екеуі бірден оқшауланған. Осылайша індеттің таралуына тосқауыл болды.

Брифингті қорытындылаған қаланың Бас санитарлық дәрігері адамдарда жөтел мен дене қызуының көтерілу сияқты белгілер пайда болған жағдайда, жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *