КАРАНТИН ТӘРТІБІН САҚТАУ – БӘРІМІЗГЕ МІНДЕТ

Смағұл ЕЛУБАЙ,  жазушы, кинодраматург,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Құрметті алматылықтар! Қазір Алматы қаласында мына аты жаман індетке байланысты жағдай өте күрделі болып отыр. Ауруханада жатып, барлық жағдайды өз көзіммен көріп, қиындықты бастан кешкен адам ретінде айтайын. Бұл – өте қауіпті ауру. Аурухана кереуетінде жатып, 17 күн бойы Құдайдан тек бір ғана тілек тіледік.

Осы біздің басымыздан кешіп жатқан ахуалды адам басына бермесе екен. Ең алдымен жақындарымыз, балаларымыз, немерелеріміз ауырмаса екен дедік. Мұны неге айтып отырмыз? Өйткені, Алматы қаласында бұл індетті жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан алматылықтардың той, жаназа, әсіресе, жастардың басқосуын тоқтатуымыз керек. Небір трагедияны талай жұрт өз көзімен көріп отыр. Осындай жағдайда бетперде тағу, адам көп жиналатын жерге бармау, тіпті барған күннің өзінде ара қашықтықты сақтау, карантин тәртібін бұзбау – бәрімізге міндет. Бұған мән бермеудің арты үлкен қасіретке ұшыратады. Аман болайық, ағайын!!!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close