Карантин кезіндегі мегаполис қақпаларындағы блок-постар жұмысы

«Редакциялық тапсырмамен» фототілші Самат Құсайыновпен Алматының Батыс қақпаларындағы бекеттер жұмысымен таныстық. Алатау ауданының облыс аумағымен шекаралас, Көлсай елді-мекеніндегі №4 блок-пост. Бекеттің жауапты басшысы, полиция подполковнигі Нұрбол Қамаубаев. Подполковник Н.Қамаубаев бізге бекеттегі көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Айта кететін жәйт, өткендегі мас күйінде Армения елінің нөмірі тағылған көлікпен «постты бұзып», полиция қызметкерін жаралаған келеңсіз жағдай осы бекетте болған екен. Подполковник Н.Қамаубаевтың түсіндіргеніндей, заң бұзушы облыс тұрғынын Қарасай аудандық полиция өкілдері алып кетіп, ол Қаскелеңде ауруханада жатқан көрінеді. Ал қызмет бабында жарақат алған полиция қызметкері қалалық №7 ауруханаға жатқызылыпты.

Блок-постың жұмысына келер болсақ, тәулік бойы қабылданған қаулы негізінде жұмыс атқарып жатыр.

Бекетте екі жерде қалаға кіріп-шығушыларды бақылау жұмысы жүргізіліп жатыр. Блок-поста медициналық-санитарлық қызмет, жол полициясы қызметі, құжат тексеру қызметтері жұмыс жасауда. Алатау аудандық әкімдігінің өкілдері деп кезекшілік қызмет атқарады. Бүгін әкімдік өкілі Жасұлан Әуелбеков кезекшілікте екен. 18 наурыздан басталған кезекшілік 12 сағаттан кезектесіп атқарылады.

Елдің ең үлкен мегаполисіндегі карантин жағдайына өзге облыстардан көмекке жіберілген медицина қызметкерлері бар екен. №4 блок-поста Атырау қалалық Тауарларды бақылау және санитарлық қадағалау басқармасы өкілдері Гүлжан Ғинаятова мен Әсем Жұбановалар 22 наурыздан Алматыда. Оларға Алатау ауданындағы №22 емхана қызметкерлері көмектесуде.

 

№4 бекеттен жаяу жүргіншілер, автокөліктермен қатар мегаполисті азық-түлікпен қамтамасыз етуші «азық-түлік жүк машиналары» өтеді. Олардың қолында азық-түлік бағытындағы фирманың құжаты мен әкімдіктен алынған рұқсат қағазы болуы керек. Құжаттары қатталған көліктер «жасыл дәлізден» еш кедергісіз өтеді. Бұл өз кезегінде мегаполисті азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жол полициясы өз кезегінде автокөліктердің, жолаушылардың құжаттардың дұрыс болуын бақылайды. Медицина қызметкерлері жүргіншілердің денсаулығына жауапты.

 

Алматының Батыс қақпасы «Алтын орда» базары маңында, Алматы–Тараз тасжолында №5  блок-пост жұмыс атқаруда. Бекеттің жауапты басшысы полиция майоры Дархан Мұхтарұлы. Ол бізді қаланың Батыс қақпасынан кіріп-шығу тәртібімен қысқаша таныстырды.

– Алматыға басқа аймақтан, облыстан автокөліктер кірмейді;

– Арнайы қызмет көліктеріне (жедел жәрдем, жол жөндеу, коммуналдық қызмет, қоқыс тасушы, т.б.), егер олар қалада тіркелген болса тосқауыл жоқ;

– Облыс аумағында орналасқан «Алтын Орда» базарының азық-түлік бөлімі мегаполисті азық түлікпен қамтамасыз ететіндіктен осы қызметте жүрген көліктер де арнайы құжаты бар жағдайда кедергісіз қозғала алады. Олар үшін «жасыл дәліз»;

– Ал жаяу жүргіншілер тек қалалық тіркеумен кіріп-шыға алады (Алтын орда);

– №5 бекет барлық керек құрылғылармен, құжаттармен толық жабдықталған.

Нурлан Сүйiн,

Самат Кұсайынов (фото)       

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *