Каннды тамсандырған қазақ қызы

Қызылжарлық Самал Еслямова әлем алдында үш қасиетімен ерекшеленді

«Алматы ақшамында» «КА мырза Каннан оралды» атты Алаштың Асанәлісімен жарияланған сұхбаттың ізі суымай жатып, сүйінші хабар әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кетті. Ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміне түскен қызылжарлық қазақ қызы Самал Еслямова атақты Канн фестивалінде «Ең үздік әйел» рөлін иеленген ең үздік актриса атанды.

Самал марапаттау рәсімі кезінде үш қасиетімен  ерекшеленді.

«Үлкен рахмет» деген сөзді өз ана тілінде айтты.

Ашық-шашық жүрмеді.Үстіндегі ұлттық киімі де, күміс білезігі де  ел назарын аударды.

Адам жүрегі жарылардай ұзақ кошеметті әлдебіреулердей алып-ұшып, жер тепкілеп секірмей, бірқалыпты қабылдады. Тұла бойынан тектілік, бекзаттық белгісі ұшқындап тұрды.

Қазақ қызының қазақ атын асқақтатқанына Димаштан кейін тағы бір мәрте куә болдық. Ұзағынан сүйіндіргей!

Тіл-көзден аман бол, айналайын!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *