Кандидаттың Қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды

Бүгін «NurOtan» партиясының Алматы қалалық филиалында Презиенттікке Кандидат Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының Қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды.

Шара барысында Алматы қалалық қоғамдық Штабының жетекшісі, қалалық маслихат депутаты, Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов, Алматы қалалық қоғамдық Штабы жетекшісінің орынбасары, қалалық маслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров және қалалық қоғамдық Штабының мүшесі, қалалық маслихат депутаты Роза Бадаева азаматтарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.

Қабылдаудың мақсаты – азаматтарға Кандидат туралы ақпарат беру және оның сайлауалды тұғырнамасымен таныстыру, сондай-ақ сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинақтап, сараптап, Республикалық қоғамдық Штабқа жеткізу.

Мысалы, Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит Біржанов мемлекет тарапынан қарияларға көрсетіліп отырған қолдауға ризашылығын білдіре отырып, «Белсенді ұзақ өмір сүру арнайы орталығы» қаламыздың әр ауданында және еліміздің барлық аймақтарында ашылуын сұрады.

— Қазақстан бойынша 1425 майдангер қалды, соның 268 Алматы қаласында тұрады, бірақ әр аймақта Жеңіс күніне орай бір реттік көмек әртүрлі төленеді. Осы төлемнің көлемі барлық жақтарда біркелкі болса деген тілегіміз бар, — деді ардагер Хамит Біржанов.

8 баланың анасы Гүлзат Мамиева Елбасының бастамасымен ашылған «Бақытты отбасы — Алматы» жобасы өз тиімділігін көрсетіп отырғанын айта келіп, осындай нақты бағдарламаның басқа өңірлерде де тиімді қолға алынуын Кандидатттың назарына ұсынды.

Ал, жастар атынан қабылдауға келген Таухан Бақытжанов пен Нұрсұлтан Байжанов «Жастар жылы» аясындағы іс-шаралардың жүйелі жүргізілуіне ризашылықтарын білдіріп, Алматыда жастар ұйымдарына арналған тегін Коворкинг-орталық ашылса деген ойларын жеткізді.

Қабылдау барысында сайлаушыларға Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды, сайлау заңнамасы мен дауыс беру туралы түсініктемелер берілді. Азаматтар тарыпнан айтылған ұсыныстар мен тілектер қабылданып, қарастыруға алынды.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *