Көз қарашығындағы Астана

Белгілі фотожурналист, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жеке фотосуретшісі Шүкір Шахайдың «Жан-жүрегім – Астана!» кітап-альбомы жарық көрді.

Әркімнің көзі де әр түрлі, көзқарасы да әр  түрлі. Десек те, солардың бәрі бәрімізге ортақ бірдей дүниені көріп тұрады. Мәселе кімнің қалай көретіндігінде, қандай ой түйетіндігінде ғана жатса керек. Ересек­терді айтпағанда, осыдан 20 жыл бұрын туған нәрестенің өзі қазір Астананың көрікті келбетін көңіліне әлдеқашан қондырып алған. Сонда да, бас қаладағы көріністерді қайсымыз қалай көре алдық екен? Қызық сұрақ сияқты… Қолымызға тиген жаңа кітаптан осы сауалдың жауабын іздеп көрдік.

 Әнуарбек ӘУЕЛБЕК

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша биыл «Сарыарқа» баспасынан 2000 данамен шыққан «Жан-жүрегім – Астана» кітап-альбомы Шүкір Шахайдың көзі мен көңіліндегі Астананың даму тарихына арналған.

Астананың 20 жылдығына орай жарық көріп отырған кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан. Елбасымыздың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­масындағы тапсырманың бірі елімізді әлемге таныту екені белгілі. Кітап-альбом­ның бұл орайда алатын орны да ерекше болып тұр.

Шүкір Шахай басқасын былай қойған­да, ескі тарихқа да жаңа көзбен қарайтын тұлғалардың қатарына жатады. Ол түсірген суреттерде нақтылық пен деректілік, болашаққа деген сенім, ыстық ықылас пен қажымас қайрат менмұндалап тұрады. Астананың 20 жылдық тарихына арналған альбом бүкіл еліміздің де даму тарихынан хабар береді. Сүйсінесіз, сүйінесіз. Бұл – біздің еліміз! Бұл – біздің Астана!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *