КӘСІПОДАҚТАР ЖҰМЫСШЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУШЫСЫ

Алматыда ҚРДБ төрағасы Жол картасының жүзеге асуы жайын баяндады

Нұрлан СҮЙІН

ҚР кәсіподақтар Федерациясын жетілдіру бойынша Жол картасын жүзеге асыру нәтижелерін “Алматы кәсіподақ орталығы” КАБ Кооркеңестің кеңейтілген отырысы барысында ҚРКФ төрағасы Бақытжан Әбдірайым ұсынды.
«Қабылданған Жол картасы 2018-2019 жылдар ішіндегі біздің іс-әрекетіміздің жоспарымызды анықтады, бұнда жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек жағдайларын жаңа деңгейге шығару үшін нақты мақсаттар анықталып қойылған. Және де кәсіподақтардың барлық көрсеткіштер бойынша мақсатты әрекеттері арқылы «Жол картасы» орындалды», — деп айтты ол.
«Жол картасын» жүзеге асыру кезінде кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері Елбасының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша штабтарында жұмыс істеген, сонымен қатар олар Елбасының “Президенттің бес әлеуметтік бастамасын” жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының құрамына кірген, Дағдарысқа қарсы штабтар, Қоғамдық Кеңестер және т.б. құрамында болды.
Қазір ҚР кәсіподақтар Федерациясы Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексін қабылдау, 2020-2025 жылдарына арналған “Лайықты еңбек — лайықты өмір” Ұлтық бағдарламасын әзірлеу және ЕХҰ конвенцияларын бекіту бойынша ұсыныс енгізіп отыр.
«Біз Қазақстанның ең бұқаралық қоғамдық және кәсіподақты ұйымы болып қалып отырмыз. Біз кәсіподақтардың шамамен 2 млн. мүшелері, 38 мүшелік ұйымдар мен 18 мың бастапқы кәсіподақ ұйымдарын біріктіреміз», — деп ҚРКФ төрағасы атап өтті.
Ол кәсіподақты актив орындайтын жұмыс нақты адамға және жалпы қоғамға қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар келісімдер мен ұжымдық келісімшарттарда ең алдымен еңбек ұжымдардың тұрақтылығы, жұмысшылардың материалдық әл-ауқатын арттыруға көмектесетін нормалары келтірілген. Айта кететін жайт, бастапқы кәсіподақты ұйымдардың жалпы санынан жасасқан ұжымдық келісімшарттар үлесі 98% құрайды.
Сонымен қатар Бақытжан Әбдірайым кәсіподақтар кәсіпорындарда еңбек жанжалдарын қалай шешетіндерін айтып берді. Осылайша, мүмкін болатын еңбек дауларының күнделікті мониторингі ерте кезеңде-ақ еліміздің ондаған компанияларында сотқа дейін қарауды болдырмауға көмектеседі. Ал кәсіподақтардың барлық аумақтық бірлестіктерінің негізінде жұмыс істейтін «Татуласу орталықтары» еңбек дауларының сұрақтарын сотқа дейін тәртіпте шешеді. 2018 жылдың наурыз айынан бастап 3 мыңнан астам медиативті іс-шаралары өткізілді, соның ішінен еңбек даулары бойынша 1590-ы оң шешілді.
Одан басқа, кәсіпорында бизнесті ашық жүргізуіне «Еңбек келісімшартын жасас!» атты республикалық науқаны көмектеседі. Науқан жүріп жатқан уақыт ішінде ел бойынша 12 мыңнан астам жұмыс берушілер еңбек қатынастарын 40 мың жұмысшымен еңбек келісімшартын жасасу жолымен заңдастырды, осылайша оларға қорғанысты қамтамасыз етіп берді.
Кәсіподақтар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жұмыс берушілермен жұмыс орындарын сақтау бойынша жұмысты жандандырды. Қазірдің өзінде жұмыс орындарын сақтау бойынша 126 мың меморандумға қол қойылды, бұлар бүкіл мемлекет бойынша 2,3 млн-ға жуық жұмысшыны қамтиды.
Сонымен қатар кәсіподақтар жұмысшылардың құқықтарын қорғай отырып, айлық жалақыны өсіру сұрағын көтереді. Мүшелік ұйымдар жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып ірі компаниялармен жалақылары аз жұмысшыларға айлық жалақыны өсіру жайлы жұмыс жүргізеді.
2019 жылдың 1 тамызына республика бойынша 199,6 мың жұмыс беруші жалақыны 1,1 жұмысшыға арттырды, соның ішінде 1,9 мыңы ірі, 2,9 мыңы — орта және 194 мыңы — шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартудан басқа әлеуметтік жағдайлар да жетілдіріліп жатыр.
Мысалға, кәсіподақтар Федерациясы SENIM денсаулық сақтау кәсіподағымен бірге облыс және аудандық медициналық мекемелерінде жас мамандардың жұмысын ынталандыру үшін 500 мың теңге мөлшерінде сертификаттарды береді. Бүгінгі таңда 40 млн теңге сомасына сертификаттар берілді.
Сонымен қатар жастар үшін баспананы сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеу үшін кәсіподақтар қаражаты есебінен 45 млн теңге сомасына 33 тұрғын үй сертификаттары берілді.
Одан басқа, координациялық кеңестің отырысы барысында Алматы қаласы бойынша кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің төрағасы Зауреш Өмірбаева Алматы Кәсіподақ орталығы жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық мүддесіне, сонымен қатар жұмысшылардың еңбек қатынастарындағы құқықтарын қорғауға көбірек көңіл бөлетінін атап өтті. Сондықтан қабылданған «Алматы қаласының кәсіподақтарды жетілдірудің жол картасы» жұмысшыларға арналған барлық қажетті жеңілдіктерді қарастырады. “Жол картасы” аясында өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қорытындылай отырып, Өмірбаева жұмыс кешенді түрде, жаңа форматта өткізілгенін атап өтті.
«Осы жылы біз ұжымдық келісімшарттарда жұмыс істейтін көп балалы аналар мен күнкөрісі төмен отбасылар үшін материалдық жағдайдың жақсаруына бағытталған жаңа өзгерістердің пайда болуы үшін жұмыс істеп жүрміз. Одан басқа, жалақысы төмен санатты жұмысшыларға жалақының өсіруіне қол жеткіздік. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап дерлік 40 мың алматылық жұмыс берушілер 150 мың жұмысшыға жалақыны арттыру бойынша міндеттемені қабылдады. Бұл кәсіподақтарда жалақысы төмен жұмысшылардың орташа айлығы дерлік 40%-ға өсті», — деп айтты Өмірбаева.
Одан басқа, Алматы бойынша «Татуласу орталығында» 500-ден астам азамат тегін кеңес алды, 78 медиативті келісім жасалды. Негізінен бұлар жалақыны алып алу, жұмысқа қайта тұру, өтемақыны төлеу, алименттерді алу бойынша отбасылық жанжалдар бойынша еңбек даулары және т.б.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *