КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

1082жөнінде штаб құрылды

Айнабай МӘДИ 

Қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметі департамент жанынан құрылған кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі жедел штабтың шағын және орта бизнес (ШОБ) тексерулеріне жарияланған мораторий кезінде жұмыс істейтінін мәлім етті.

Аталған штабты құру туралы шешім департамент жаындағы кәсіпкерлер   бірлестігі кіретін Қоғамдық кеңестің кезекті отырысының қорытындысымен қабылданды. Штабтың негізгі міндеті – салық органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті бойынша тиісті шаралар қабылдау.

Штаб салық төлеушілердің басқа да өтінішін қарап, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын өткізбек. Департаменттегілердің штаб жұмысын жеке тұлғаларды әкімшілеу басқармасының басшысы Дәурен Нұрғожаев үйлестіреді. Айта кетерлігі, штаб құрамына шаһардағы бизнес қауымдастықтың өкілдері түгел кіреді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *