Кәсіпкерлер аз қамтылған алматылықтардың газға қосылуына көмектесед

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен болған есептік кездесуінде бизнес-қауымдастықтың өкілі Сергей Спицын Медеу ауданындағы 50 отбасына газ қосып беруді қаржыландыруға дайын екендігін айтып, бастама көтерді.

«Мен Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының атын келдім. Қаланың кез-келген тұрғыны сияқты біздің экология мені де қатты алаңдатады. Жылыту маусымы басталған кезде менің балаларым ауырады. Сондықтан мен Медеу ауданындағы 50 отбасына өз есебімнен газ қосып беруге дайынмын», – деді ол.

Сонымен қатар, ол басқа кәсіпкерлер мен қалалық ұйымдарды оның бастамасын қолдауға және бұрын газға қосылмаған үйлерді газдандыруға көмектесуге шақырды.

«Мен кәсіпкер достарымды және қаладағы барлық компанияларды менің осы челленджімді қолдаса екен деп ойлаймын. Әсіресе, Думан ықшамауданындағы отбасылардың 300 мың теңгеге газға қосылуға шамалары жетпейді. Біздер, кәсіпкерлер үшін бұл түк емес. Ал олардың бүкіл отбасының табысы 300 мың теңге. Бұл отбасылар осы ақшаны бірнеше жыл қайтаратын болады. Егер барлық кәсіпкерлер қолдау көрсетсе, біз қаламызды тезірек тазалаймыз», – деп толықтырды сөзін ол.
Айта кету керек, Алматыда 2019 жылдың екінші жартыжылдығында 3 мыңнан астам жеке үй газға қосылды. Ағымдағы жылы аз қамтылған 210 отбасына тегін газ жүргізіледі. Бүгінге 150-ге жуық отбасы қосылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *