«Кәсіп алаңы» атты бір күндік мотивациялық курстар ашылды

Курстар болашақ кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті жаңа бастағандарға арналған

Қала әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП «Кәсіп алаңы» атты бір күндік мотивациялық курстардың ашылғандығын хабарлайды.
Аталған курстарда табысты кәсіпкерлер, салалық сарапшылар мен танымал бизнес-жаттықтырушылар мемлекеттік қолдау шаралары мен кәсіпкерліктің негіздері туралы айтатын болады. Алғашқы курстар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында және SmART.point коворкинг орталығында өтті. Оған 700-дей жұмыссыз жастар мен кәсіпкерлікті жаңадан бастаған азаматтар қатысты.
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, курстағы білім біреулерді өз істерін ашуға ынталандырса, ал кейбіреулерді — одан әрі өсу үшін білімдерін толықтыру үшін септігін тигізбек.
Бір ай бойы, яғни 18 қыркүйек пен 18 қазан аралығында, мотивациялық курстар қаланың барлық аудандарында өтеді. Дәлірек айтқанда, жоғары оқу орындарында, лицей, базар, аудандық әкімдіктерде тыңдаушылар үшін арнайы алаңдар ұйымдастырылады. Барлығы жүздеген кездесулер өткізіліп, оған 80 мыңға жуық адам қатысатын болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *