КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

%d0%b8%d0%b7%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5-1240

2011 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі» болып бекітілген. Осы атаулы күнге орай, Алатау ауданы әкімі аппаратында салтанатты шара өтіп, бірқатар сала қызметкерлері марапаттарға ие болды. Онда әлеуметтік сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектерін, жүрек жылуын ұсынып отырған жандарға шынайы алғысын жеткізіп, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде  тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды.  Бүгінгі таңда Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Оның ішінде,  Алатау ауданында халыққа қызмет көрсететін аудандық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 13 мемлекеттік қызметкер және 80 мүгедек балаға көмек көр­сететін 18 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Соны­мен қатар, ауданда тұратын 132 ардагерге көмек көрсете­тін аудан әкімі жанындағы жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімше­сінде 21 әлеуметтік қызметкер, психологиялық ауытқу­лары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталы­ғында 60 балаға 81 қызметкер және жұмыспен қамту орталығында 8 қызметкер жұмыс атқарады.

Әлеуметтік қызметкер, бұл — тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын мейірбан жан. Халықты әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғау  Елбасы мен Үкіметіміз жүргізіп отырған  сындарлы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *