КӘСІБИ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІПТІК ЖАРЫСЫ

Республикалық жарыста «АЖК» АҚ-ның командасы электр желілік компанияларының арасында жеңімпаз атанды

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр бөлу тораптарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жедел-жөндеу персоналының  республикалық кәсіби жарыстарының жеңімпазы атанды.

Жарыс 30 қыркүйек пен 4 қазан ара­лы­ғында Ақтау қаласындағы «Маң­ғыстау АЭК»  АҚ оқу-жаттығу поли­гоны база­сында өтті. Жеті кезеңнен тұратын жарыс­қа еліміздің әр айма­ғынан 7 үздік команда қатысты.

№1 кезең: зардап шегушіні 10 кВ-ӘЖ тірегінде электр тогының әсерінен босату және  оған манекен-тренажерде алғашқы медициналық көмек көрсету.

№2 кезең: 10кВ-ӘЖ-мен  қиылыса­тын аралықтағы 0,4 кВ-ОӘЖ (ӨҰОС) сымда­рын ауыстыру.

№3 кезең: 10кВ-ӘЖ  анкерлік бұрыш­тық темірбетон тірегінде ақаулы оқшау­лағышты ауыстыру.

№4 кезең: 10кВ-ӘЖ тірегінде зақым­данған10кВ-РЛНД полюсін  ауыстыру, кейіннен оны АГП қолдану арқылы реттеу.

№5 кезең: 10/0,4 кВ-ГКТП-да (П) 10кВ-тық кәбілдік түсірудің бүтіндігін анықтау және анцапфты ауыстырып-қосу арқылы тұтынушының кернеуін реттеу.

№6 кезең: тіректен бастап есепке алу аспабына дейінгі ендірмені 0,4 кВ-тық (ӨҰОС) өздігінен ұстасатын оқшау­ланған сымға ауыстырумен, ғимараттың қабырға­сында есепке алу аспабын ауыстыру.

Көрсеткіш кезеңі: 10/0,4 кВ-ГКТП-да (П) трансформатордың жануын сөндіру. Жарыс тәжірибе алмасу, бөлу торап­тарында  жұмыстарды орындау­дың қазіргі заманғы әдістері мен тәсіл­дерін көрсету, бөлуші электр торап­тарын  пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын электрмон­терлердің біліктілік деңгейін тексеру орны болып табылады.

Айта кететін жағдай, аталмыш респуб­ликалық кәсіби жарыстар дәстүрлі түрде 15-ші рет өткізіліп отыр. «АЖК» АҚ бри­гадасы кәсіби шебер­ліктің жоғары деңгейін көрсетіп, 11-ші рет жеңімпаз атанды.

Біздің әріптестерімізді жеңісте­рімен құт­тықтаймыз  және жаңа жетіс­тіктерге жетулеріне тілектеспіз!

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *