КӨШКІН ҚАУПІ БАР АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Көктөбе тауының бөктерін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевқа айтқан өтініштерінен кейін қолға алынды. Қала әкімі шілде айында Медеу ауданын аралаған еді. Сол кезде Көктөбе тауының көшкін қаупі бар аумағында орналасқан бірнеше үйдің тұрғындары мегаполис басшысынан  көмек көрсетуді сұраған еді. Қауіпті аймақта 60 үй орналасқан. Үйлердің опырылып құлау қаупі анықталған соң қала әкімінің тапсырмасы бойынша беткейді жедел түрде нығайту керектігі шешілді. Нығайту жұмыстары тамыз айында басталды. Горный, Горновосточный және Бегалин көшелері тұйықталған тау бөктерлерінде 250-ге жуық адам тұратын 60 жеке үй орналасқан. Сарапшылар жалпы алғанда 290 метр беткейді нығайту қажет деген қорытындыға келді.

Қазіргі кезде ұзындығы 290 м болатын беткей тазартылып, жеті метрлі габион төселді. Сонымен қатар, ұзындығы – 25 м, ал биіктігі – 8 м болатын темірбетонды тірек қабырғасы орнатылуда. Жұмыс 60 пайызға орындалды. Ал, барлық қалпына келтіру жұмыстары 30 қарашаға дейін жоспарланған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *