Көшелі істер керуені

Негізі, қазақ әліпбиі дүниеге келгеннен бері бірнеше іргелі өзгерістерге түскені белгілі. Атап айтқанда, олар – арап әріптеріне негізделген төте жазу әдісі, одан кейін латын әліпбиі және оның соңғысы біздің бүгінгі қолданыстағы кирилл қарпімен таңбаланып жүрген жазу. Енді міне, қазақ елі кирилл қарпінен латын әліпбиіне қайта көшуге мәжбүр болып отыр. Өйткені, бұл заман талаптарына байланысты туындаған мәселеге айналып тұрған жайы бар.

Бұл ретте, Мемлекет басшысы – ұлт көшбас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының бүгінгі латын әліпбиіне көшу себептерін қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникация­ның және ХХІ ғасырдағы ілім-білім мен ғылым процестерінің өзіндік ерекшеліктерімен сабақтас­тырған болатын. Атап айтқанда, бүгінгі таңда қандай да бір техникалық құралдардың басатын тетік нүктесіндегі жазулар латын әліпбиімен таңбаланатыны белгілі. Ал енді химиялық, математикалық және физикалық формулалар, сосын, музыкалық, медициналық, техникалық терминдер тіні латын әліпбиінің әлібімен түзіліп, түсіндірілетіні әу бастан-ақ мәлім болған еді.

Сонымен қатар, бүгінгі заманда жаһанды жаулап алған ғаламтор жүйесінің сексен пайызы латын әліпбиінің ырғағында қызмет атқаратыны анық. Демек, әлемдік ақпарат көздерінің дені латын әліпбиі негізінде төрткүл дүниеге таралып, һәм әлем әліппесінің бет-бедері латын әліпбиімен өрнектелетін болған. Олай болса, біздің қазақ халқының да өрнекті әріп – латын әліпбиімен әліппе жазып, өрнек тоқуымыздың кезі келіп жетті деп білеміз!..

 

Ерғазы АЛДАНАЗАРОВ,    

Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі директорының міндетін атқарушы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *