Көшелерге магнолия өсімдігі егіліп жатыр

Құттыбек АЙМАХАН

 

Алматының жасыл қала екен­дігі бұ­рыннан белгілі. Шаһардың сол атағын сақтау үшін қалалық әкімдік көптеген жұмыстарды қолға алып жатыр. Мысалы, биыл­дан бастап шаһардың қоғамдық көпшілік орындарында алғаш рет хош иісті ірі гүлдері бар, жапы­рағы үнемі көк­пеңбек болып тұратын магнолий өсімдігі отыр­ғызыла бастады. Олар алдымен қаладағы Қабанбай батыр және Гоголь көшелеріне отырғы­зылды.

Атап өтетіні, бұрын магнолий өсімдігі негізінен жеке үйлер аума­ғында ғана отырғызылған екен. Енді бұл ағаш қала­дағы көпшілік орын­дарға да отырғы­зыла­тын болыпты. Алдағы уақытта шаһардағы көп көшеде магно­лийдің хош иісі мұрын жарып, оның үнемі көк­пең­бек болып тұратын жапырағы айналаны сәнге бөлеп тұрады.

Ендігі жерде магнолий өсімдігі жаяу жүргінші­лерге басымдық беретін, қайта жөндеуден өткен көшелерде отырғызы­лады. Сөйтіп, жақын жылдарда оларда магнолий өсімдігімен бірге сәндік алма ағаштары да, акация, спирей бұталары, зерек және арша ағаштары сол аймақтарды хош иістерге бөлейтін болады.

 

Керек кеңес

 

Магнолия  (magnolіa) магнолиялық тұқымдастарға жататын  бұталар мен сәндік ағаш түрі.

Жұпар гүлдері мен әдемі жапырақтары үшін жоғары бағаланады. 

 Табиғатта  210  түрі  кездеседі, кей деректерге қарағанда  бұл тұқымдастар 

14 туыс, 240 түрді біріктіреді.

Құрамында ерекше эфир майы бар.

Магнолия гүлдерінен жасалған тұнба  халықтық медицинада кеңінен қолданылады.Қан  қысымы мен демікпе сырқаттарына ем.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close