КӨШЕДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮШІН АҚША ЖИНАЙТЫНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Серік ЖҰМАБАЙ

Алматы қалалық Ішкі істер депар­таменті қайырымдылыққа деп заңсыз ақша жинайтын азаматтар үшін қыл­мыстық және әкімшілік жаза қолданы­латынын түсіндірді. Бұл туралы мәліметті Алматы қаласы ІІДнің баспасөз қызметі таратты.

– Адам көп жиналған жерде көбіне жастар қайырымдылыққа ақша жинап жүреді. Науқас баланың немесе материал­дық көмекке мұқтаж адамның суреті мен мәліметі ілінген қорапшаны қолдарына ұстап, адам жағалайды. Бұл жағдайдың рас-өтірігі өздеріне аян. Талай алаяқтардың қайырымды жандар­дың атын жамылған кездері болған. Жиналған ақшаның қай жерге жететі­нін, қандай мақсатқа жұмсала­тынын зерттеп білу мүмкін емес. Оңай олжа тапқы­сы келетіндер осыны біледі, – деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметінше, қайырымдылыққа деп заңсыз ақша жинайтындар Қазақстан Республи­касы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес «Алаяқтық» айыбымен жауапқа тартылады. Қоғам­дық орындарда азамат­тар­дың мазасын алып, өз қызметін немесе тауарын ұсынатындар Қазақстан Республи­касы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабына сәйкес жауап береді.

Осыған орай, Алматы полициясы азаматтардан қайырымдылық шарасын арнайы қор, қоғамдық бірлестік, әділет органдарында ресми тіркеуде тұрған мекемелер арқылы жүзеге асыруын сұрай­ды. Басқа жолмен ақша жинай­тындардың заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *