«Көркемсөз оқу шеберлері»

байқауының жеңімпаздары анықталды

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

 

Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сының аясында Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамыр­дағы № 2/163 «Қазақстан Республи­касында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011—2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама­сын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017—2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулы­сын жүзеге асыру мақса­тында және басқар­маның 2018 жылға арналған жоспа­рына сәйкес талантты жастар ара­сында Астана қаласының 20 жыл­ды­ғына арналған «Көр­кемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсат-міндеті: мемлекет­тік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мем­лекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу, көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшілікті қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту болып табылады.

Аудандық және қалалық деңгейде өткен  байқауға қазақтың көркемсөз оқу шеберлігін игерген 17—29 жас аралығын­дағы жастар қатысты. Кәсіби өнер саласы­ның мамандары, осы саладағы оқу орында­ры­ның студенттері, сондай-ақ, өткен жылдар­дағы жеңімпаздары байқауға  жіберілмеді. Аудандық байқауды аудан әкімдіктері ұйымдастырды. Байқауға қатысуға тілек білдіргендер тиісті аудан әкімі аппараты­ның мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне алдын-ала өтініш берген болатын. Аудандық байқауда бірінші, екінші және үшінші орын алған жүлдегер­лер өз ауда­ының атынан қалалық байқауға қатысты.

Байқаудың шарттары қазақтың белгілі ақын, жазушы, драматургтерінің көркемдігі жоғары шығармаларын немесе шығарма­дан үзінді оқу мен  Қазақстан, Туған жер, Тәуелсіздік, Астана туралы тақырыптарда шығарма жазу мен прозалық, поэзиялық және драмалық шығарма оқудан тұрды. Оқылатын мәтін көлемі 5 минуттан аспау керек, дайын фонограммаларды пайдала­нуға тыйым салынды, белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды, талапкерлер оқитын мәтіндерін жатқа оқулары шарт болды.  Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар ауда­рылды. Қазылар алқасының сұрыптауынан өткен жастар «Көркемсөз оқу шебер­лерінің» қалалық байқауының жеңімпаз­дары болып табылды.

Байқаудың бас жүлдесін Дастан Бек­нұр (Алатау ауданы) жеңіп алып, «Көркем­сөз оқу шеберлерінің» республикалық байқауына қатысуға жолдама алды. Бірінші орынды Динара Баймұхаметова (Алмалы ауданы), екінші орынды Талант Хасенов (Түрксіб ауданы), үшінші орынды Шоқан Құлназаров (Медеу ауданы) жеңіп алды. «Мәнерлі сөз» атаулы сыйлығын Нұрлан Бақытжанов (Алатау ауданы) және «Әуезді сөз» сыйлығын Аманхан Ақниет (Наурызбай ауданы), сондай-ақ, ынталан­дыру сыйлықтарын Ермек Тұрған­беков, Әсем Әбдімәуленова және Қалдыкөз Рахымжан  иеленді. Байқау жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы диплом­дармен, Алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *