«КҮРІШ»

Күріштен мол өнім алудың алғаш ғылыми негізін қалаған биология ғылымының докторы, профессор Келіс Нұрмашұлы Жайлыбайдың осындай тақырыппен жаңа монографиясы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Екі мәрте Со­циалистік Еңбек Ері Ыбырай Жа­қаев күріш дақы­лынан мол өнімге қол жеткізіп, әле­м­дік қай­талан­бас рекорд жасады. Атақты диқан кү­ріш дақылының жоғары өнімділігін іс жүзіне, 40–45 градустық аптап ыстықтың астында күнге қақталып жүріп, жігерлі ісімен, кетпеннің күші­мен жүзеге асырды. Ал ғалым Келіс Нұрмашұлы Жайлыбай тәжірибе алқабында күн-түн қатып зерттеу жүргізіп, күріштің әр сабағын диқанша аялап, ғалымдай мәпелеп жүріп, мол өнімнің сырын ашты, жолын тапты…

Оның ғылыми зерттеу жұмыстары­ның нәтижелері Қазақстан  ауылшаруа­шылық ғылымына, биология, экология ғылымда­рына елеулі үлес қосты. Сол себепті, Келіс Нұрмашұлы Ресейдің Жаратылыстану академиясының прези­диумының шешімі­мен биология, гене­тика, селекция, өсімдік­тер шаруа­шы­лығы ғылымдарына зор үлес қосқаны үшін Н.И.Вавилов атындағы алтын медальды иеленді.

«Қазақстан агроөндірістік кешені саласында ең көп оқылатын авторлар» номи­нациясы бойынша «Парасат» сыйлы­ғының ІІІ дәрежелі дипломымен, Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги­калық универ­ситеті бойынша «Үздік ғалым» номинация­сының ІІІ дәрежелі дипломымен, Қызыл­орда облысы Шие­лі ауданының экономи­касына елеулі үлес қосқаны үшін «Ыбырай Жақаев – 120 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Профессор К.Н.Жайлыбай экология мамандығы бойынша 2 оқулық, 5 оқу құралын, 2 оқу әдістемелік кешенін дайын­дап шығарды. Қазіргі кезде осы оқу құрал­дарын студенттер сабақтарда пайдалануда.

Республикалық, шетелдік журнал­дарда, мерзімдік басылымдарда 405 ғылыми еңбегі жарияланды, соның ішінде 5 монография, 2 оқулық, 7 оқу құралы, 12 кітапша (бро­шю­ра), күріш және ерте дәнді дақылдар егіншілігі өндірісіне 15 ұсыныс, өнерта­бысқа беріл­ген 3 патенті бар. Олар өндіріс­ке енгізілген.

Ғалымның жаңа монографиясында күріш сорттары ерекшеліктеріне, қоректену алаңына, тыңайтқыштар дозасына, енгізу мерзімі мен тәсіл­деріне байланысты дақыл­дың фотосин­те­тикалық қызметі көрсеткіш­терінің динамикасы және өзара қарым-қаты­настарының вегетативті мүшелерінің анатомиялық құрылысының негізгі заңды­лықтары ғылыми дәйектермен нақтыланып көрсетілген.

Қазақстанды айтпағанда, алыс-жақын шет елдердің өзінде күрішті тұтын­байтын халық жоқ. Бірақ оны зерттеуге келгенде ғалымдардың салғырт­тық танытып отыр­ғаны түсінікті жәйт. Әрине, аптаптың астын­да, судың ішінде (3 ай бойы) өсетін дақылды зерттеуге кім құлшыныс таныта береді дейсің. Профессор Келіс Нұрмаш­ұлының жаңа монографиясының сол кем­шіліктердің орнын толтырған құнды ғылы­ми еңбек екеніне күмән болмаса керек.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close