Көрерменге Тукалар қызық болып тұр

Рамазан СТАМҒАЗИЕВ, дәстүрлі әнші:

– …Ішкі мәдениетіміз даңғаза мәдениетке айналды. Кейде мына тұрған Ташкенге барғанда таңғаламын. Көше атауларынан бастап ғимараттары, үстеріндегі киімдері, тамақтану орындары, тыңдайтын музыкаларына дейін ұлттық ерекшеліктері байқалып тұрады. Баласының жеп отырған кәмпитінің сыртында өзбекше жазылып тұрады. Мәселен, бір ғұламаның атымен атап қойған. «Туған жер жайында ән жаздырайық» десем, кей әншілер күледі. «Жер жекеменшікте ғой қазір. Біреудің жері туралы қалай ән жазасың?», – деп. Менің айтарым: бұл – біреудің жері емес, қазақтың жері.

…Журналистер бізден: «Дәстүрлі әншілер, қайда жүрсіздер? Сіздерден кейін енді ешкім шықпай ма?», – деп сұрайды. Неге жоқ ізбасарларымыз? Жылына бес-алты байқауда бас бәйгені жұлып алып жатқан мықты балалар көп. Алайда, тәуелсіздік алғалы экраннан бір дәстүрлі әншінің концертін көрдіңіз бе? Жоқ. Біз ұлттық құндылықтарымызды көрсетпейміз. Көрерменге Тукалар қызық болып тұр. Бірақ үкіметке ренжіп отыратын уақыт па? Қазір тыңдарманмен ғаламтор арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Шәкірттеріме: «Домбыраңды құшақтап, «мен дәстүрлі әншімін» деп аш-жалаңаш отыра берме. Ізден, оркестрмен, хормен, эстрадамен, дуэтпен айт, тойға бар, әйтеуір, жолын тап», – деймін.

 

(«Қазақ әдебиеті», 30.08.2019).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close