Көпжасар Нәрібаев 83 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Ол Жамбыл облысының Бектөбе ауылында 1938 жылы 3 маусымда туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1960 ж) экономист мамандығы бойынша, кейін Мәскеу Қаржы институтының аспирантурасын (1963ж) бітірген.

К. Нәрібаев экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, бірқатар халықаралық шетелдік Ғылым академияларының мүшесі.

Еңбек өтілі: аға оқытушы, комсомол комитетінің хатшысы, доцент, декан, Алматы Халық шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі, проректоры (1964-1976 жылдар), Қазақ ССР-інің жоғары және орта білім министрінің орынбасары (1976-1983 жылдар), Қазақ ССР-інің жоғары және орта білім министрі (1983-1987жылдар),Қазақстан Ғылым Академиясының жетекші ғылыми қызметкері, Экономика институтының бөлім меңгерушісі (1987-1990 жылдар),Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің экономикалық реформа жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары (1990-1991 жылдар), әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің ректоры (1991-2001 жылдар), Алматы технология университетінің проректоры (2001-2006 жылдар). ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының аға ғылыми қызметкері(2006ж.). 2007 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жұмыс істеді.

«Құрмет белгісі» (1981), «Парасат» (2008) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. В. И. Лениннің туғанына 100 толуына арналған медальды (1970) иеленген. 1984 жылы Монғолияның «Еңбегі сіңген зияткер» атағын алған. 1998 жылы «Астана» медалімен, Қазақстанның ЛКЖО ОК-нің (Алматы, 1971), КСРО-ның Жоғары оқу орындары министрлігінің (Мәскеу, 1977),КСРО жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері және ағарту саласы қызметкерлері кәсіподақтары ОК-нің (Мәскеу, 1980), Бүкілодақтық «Білім» қоғамының (1983), БЛКЖО ОК-нің (1984),Шетелмен достық және мәдени байланыстар Одағының (1985) Құрмет грамоталарын иеленген. 2008 жылы «Алғыс белгісін» алған, 1996 жылы «Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер», «2000 жылдың Халықаралық адамы» (Халықаралық биографиялық орталық, Ұлыбритания, 2000), «ХХІ ғасырдың ғылымы мен білімін дамытудың негізін қалаған 500-дің бірі» (Халықаралық биографиялық орталық, Ұлыбритания, 2001), құрметті атақтарын иеленген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *