КӨПТЕН КҮТКЕН ЕДІМ

Соңғы уақытта Алматыда шын мәнінде рухани жаңғыру жүріп жатқан тәрізді. Себебі, ұлы тұлғаларды ұлықтау әр салада жалғасып жатыр.

Басқасын былай қойғанда, Шәмшіге ескерткіш ашылуы – құбылыс болды. Мен мұны көптен бері күткен едім. «Қазақта әнші көп те, Шәмші біреу» деп жазып еді кезінде аға газет. Шынында да солай ғой. Шәмшінің әндерінсіз той өте ме? Басқасын былай қойғанда, мемлекет гимнінің авторына жасалған бұл құрметтің жөні бөлек. Ендігі айтпағым, Шәмшімен бірге жүріп, бірге өнер жасаған талай тұлғаларымыз болды ғой. Мәселен, Ә.Еспаев, Ә.Бейсеуов, С.Мұхамеджанов, т.т. Осылар да өз кезегінде ұлықталуы керек деп ойлаймын. Осылайша тұлғасын құрметтеген елдің тірлігі де түзік болады.

Ғ.ӘЛИЕВА,

«Қалқаман-2» ықшамауданының тұрғыны.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close