Өртке қарсы тексеру жүргізіледі

Алматыда барлық сауда, ойын-сауық орталықтарына, базарларға, вокзалдар мен мектептерге, ауруханаларға, балабақшаларға, сонымен қатар, адам көп жиналатын орындарға өрт қауіпсіздігіне байланысты тексерулер жүргізіледі. Мониторинг нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігіне орай кемшіліктер анықталса, тиісті шаралар қолданылатын болады.

Бұл – Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің барлық жауапты орындарға жүктеген міндеті.

Алматыда қазір 128 ОСО, 46 базар, 170 мейманхана, көптеген қонақүй мен хостел, 2 мыңнан астам қоғамдық тамақтану орны, 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны, 700-ден астам балабақша, 200 орта білім беру орталығы және басқа да нысандар бар.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *