Көпбалалы отбасылардан 140 адам жұмысқа орналасты

Алматыда Елбасының тапсырмасы бойынша тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жөнінде бір ай бұрын басталған «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында қазірдің өзінде 140-тан астам адам жұмысқа тартылды.

Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жұмыссыз жүрген кез-келген қала тұрғынының Еңбекпен қамту орта­лығына жүгінсе, жұмысқа орналаса алаты­нын еске салады. Ол үшін жұмыс іздеу­шінің жеке куәлігі және қалада тіркеуі болуы тиіс. Еңбекпен қамту орталығының  мекен-жайы: Назарбаев даңғылы, 50 үй.

Анықтама телефондары: +7 (727) 224 20 00; +7 (727) 221 66 11.

Алты баланың әкесі, ІІІ топтағы мүге­дек Айбек Қанапиянов өткен жылдың аяғында жұмыссыз қалған еді. Алматының Еңбекпен қамту орталығына жүгінген ол Sunrіse Group қоғамдық ұйымына жұмысқа тұрды. «Біздің ұйым көзі нашар көретін мүгедектерге қолдау көрсетумен айналы­сады. Мен әлеуметтік қызметкер ретінде мүм­кіндігі шектеулі жандарды күнде аралап шығамын, жағдай­ларын біліп, дәрі-дәрмек­терін апарып беремін. Одан соң олардың барлық өтініштерін басшылыққа жеткіземін. Жұмысым оңай, бірақ жауапты. Іске өз үлесімді қосқанымды сезінемін», – деді Айбек Қанапиянов.

Ал  бес баланың анасы, І топтағы мүге­дек Әсел Жахина «Ақниет үміті» атты мү­гедектердің қоғамдық бірлес­тігіне мүсінші болып орналасты. «Біздің цехта барлық өнім мүгедек жандардың қолымен жасалады. Шеберлер мрамормен, гипспен, балшықпен, металмен жұмыс істейді. Барлығымыз ресми түрде еңбекпен қамтыл­ғанбыз, салық төлеуші болып табыламыз, зейнетақы жүріп жатыр. Жұмыстың бұл түрі мүмкіндігі шектеулі жандарға адаптациядан, реабилитациядан өтуге, көпшілікпен араласуға мүмкіндік беруде», – деп атап өтті ол.

Айта кетерлігі, жоғары оқу орындары мен колледждер түлектері, оның ішінде тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардан шыққандар жастар практикасына қатысып, мамандығы бойынша алғашқы тәжіри­белерін жинақтай алады. Мысалы, колледж түлегі Ардақ Серік Unіted Cіtіzenz Found қоғамдық қорында аудармашы­лықпен айналысады. «Аудар­ма мен кітап шығарудан өзге біз тұрмысы төмен көпбалалы отбасы­лардың бала­ларына шет ел тілдерін үйре­теміз. Жастар практикасы бұл жұмыста тәжірибемнің жоқтығына қарамастан, қабілетімді кеңінен ашуға мүмкіндік берді», – деді Ардақ Серік.

Бұрындары Алматыда аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету бойынша «Бақытты отбасы» арнайы бағ­дарламасы  қабылданған еді. Оның құра­мында жеңіл ипотека, оқушылар мен сту­денттердің стипендиялары, аз қам­тылған көпбалалы отбасылар үшін екінші бала­сынан бастап тегін балабақша, еңбек­пен қамту, аналар Орталығын ашу және басқалары бар.

Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жұмыссыз жүрген кез-келген қала тұрғынының Еңбекпен қамту орта­лығына жүгінсе, жұмысқа орналаса алаты­нын еске салады. Ол үшін жұмыс іздеу­шінің жеке куәлігі және қалада тіркеуі болуы тиіс. Еңбекпен қамту орталығының  мекен-жайы: Назарбаев даңғылы, 50. Анықтама телефондары: +7 (727) 224 20 00; +7 (727) 221 66 11.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *