КӨПБАЛАЛЫЛАРҒА КӨМЕГІ КӨП

Қаламыздағы Оқушылар сарайы біздің жиі бас сұғатын мекемеміз. Осында өтетін көрсетілімдер мен ертеңгіліктердің бірде-бірін бос жібермейміз. Тұрақты көрермені болып алғанбыз. Оның үстіне, үш бірдей баламды үйірмеге әкелемін. Балаларыммен бірге мен де демалып қаламын. Бұл бір киелі шаңырақ қой. Көктемді осы бір табиғаты келіскен жерде тұрып қарсы алудың өзі ғажап.

Сонымен, аппақ қары бар қыс қызы­ғын күнде осы ғимарат ауласында қызық­тап жүрген жайымыз бар. Жаңа жылғы қойылымдар туралы айтқым келіп отыр. Мен балаларыммен Оқушылар сарайы өнерпаздары сахналаған «Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары» атты музыкалық ертегіні тамашалаған едім. Сондағы бір байқағаным, рөлдерді сомда­ған үйірмеге қатысушы балалардың шеберлігі болды.

Кәдімгі театр шеберлері сияқты рөлін еркін ойнаған барлық балаға риза болдық. Бұдан өзге, сахнаның декорациясы, актер­лердің киім үлгісі, орындау шеберлігі бізді қатты қуантты. Шытырман оқиғаға құрылған осы қойылымды теледидар арқылы бүкіл еліміздің балалары тамаша­ласа да болар еді. Осындай ұжымды ұйы­тып, басқарып отырған Оқушылар сара­йының басшысы Айгүл Байсымақоваға, барлық ұжым қызметкерлеріне аналардың алғысын жеткізгім келеді.

Тегін қойылым көрсетіп, көңілімізді кө­тергені бізге де бір жақсы демалыс бол­ды.

 

Раушан САҒАТБЕКҚЫЗЫ,

көпбалалы ана.    

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *