КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ

Кеше «Nur Otan» партиясының Бостандық аудандық филиалында «Nur Otan» партиясының XVІІІ съезінде Мемлекет басшысы міндеттеген халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау көрсету жөніндегі «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік іс-шараларын, сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасын жан-жақты түсіндіру мақсатында аудандағы көпбалалы аналармен кездесу өтті.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Аналар тарапынан көпбалалы отбасы санатына жатпайтын, бірақ екі-үш баланы жалғыз асырап отырғаны, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж екендігі, қалалық тіркеуде жоқтығы туралы сауалдар көп түсті. Сұрақтарға тиісті мекеме өкілдері жан-жақты жауап берді.

Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Әйгерім Аманова көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмектерді алуға қажетті құжаттар тізімін беріп, олар­дың  балалар жәрдемақысын қалай алу керектігін түсіндірді. Ал аудан әкімі аппа­раты әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Дина Ділдібаева әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жыл сайын ұйым­дастырылатын «Мектепке жол» акциясы­ның да талай шаңыраққа демеу болып отырғанын, одан басқа да қайырымдылық іс-шаралары туралы тарқатты. «Қазақстан балалары» қоғамдық қорының президенті Гауһар Танашева мен «Бақытты отбасы» қоғамдық қорының белсенді мүшесі Әлия Жансерікқызы өздері басы-қасында жүрген қоғамдық қордың мақсаты мен жұмыстары туралы баяндады.

Осы орайда айта кетейік, Алматыда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы­ларына қолдау көрсететін нақтылы іс-шаралар жоспары, оның ішінде қалалық «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарла­масы жасалды. Бұл жоспардың ішіне жеңіл­­детілген тұрғын үй ипотекасы, оқушы­­лар мен студеттердің стипендиясы, әлеуметтік және бірреттік төлемдер, жұмыспен қамту және басқа да кезек күттірмес мәселелер енгізілген. Жалпы, Алматы бойынша халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы отбасы­ларға кешенді қолдау көрсету үшін 5,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Қалалық «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы бүгінде алғашқы қадамда­рын жасай бастады. Атап айтар болсақ, үстіміздегі жылдың 11 наурызынан бастап арнайы қалалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдануда. Алғаш­қы жарна тұрғын үй құнының 10%-ын құрайды, мөлшерлемесі – 2%. Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың алғашқы жарнаны төлеуге жағдайлары келмейтіндіктен, қала бюд­жетінен 1 млн. теңгенің тұрғын үй серти­фикаттары бөлінеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *