КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

«Алатау Бақытты отбасы» орталығында көпбалалы аналарға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін пәтерлердің кілттері тапсырылды. Бүгінгі күні кезекте тұрған 100-ден астам отбасылар пәтерлерін алды.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификатының көмегі арқылы 284 көпбалалы отбасы пәтерге ие болды. Тағы 201 отбасы, оның ішінде көпбалалы отбасылар республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу жөнінде «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» растамасына ие болды.

Барлық аудандарда көпбалалы аналарды кәсібилікке оқытып, еңбекпен қамтуға және заңнамалық көмек көрсетуге қолдау көрсететін «Бақытты отбасы» орталықтары ашылған. Қала бұдан былай да әйелдердің өздерін дамытулары, балаларға лайықты тәрбие берулері үшін барлық жағдайларды жасайтын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *