Көпбалалы аналарға қаржылай көмек көрсетіледі

Алматылық кәсіпорындарының жұмысшылары әлеуметтік жеңілдіктер, қаржылай және тұрмыстық сертификаттарын алады, кейбір көпбалалы аналарға ұжымдық келісімшарттар арқылы қаржылай көмек көрсетіледі. Одан басқа соңғы 9 ай ішінде жалақылары төмен 150 мыңнан астам қызметкерлерге айлық жалақыларын 1,5 есе өсірді, сонымен қатар қызметкерлер санитарлы-шипажайлы емделуді алады. Бұндай мәліметтерді Қазақстанның кәсіподақтар күнін тойлатуға арналған салтанатты жиын барысында келтірді, бұл жиынға ҚР кәсіподақтар Федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сатыбалды Даулеталин, Алматы қалалық соты Оразбике Жексембинова, Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Айтуар Кошмамбетов, «Нур Отан»​ партиясы АҚФ төрағасының орынбасары Арман Халбеков және т.б. қатысты.​ ​
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстанның кәсіподақтар Күнін алғашқы рет​ атап өтпекші, осыған орай 10 қазан күні еліміздің кәсіби мейрамдар тізіміне енгізілген. Іс-шараның барысында ҚР Президентінің және ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің атынан Алғыс хаттармен әлеуметтік серіктер, кәсіподақтар мүшелері мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері марапатталды.​
Іс-шарада кәсіподақтар жұмысында басты критерий болып жұмысшының мүддесі табылатынын атап өтті. Оларға өтемақы төлеуге, жеңілдіктерге, сонымен қатар қауіпсіз еңбек жағдайларына кепілдік берілген. Бұндай міндетті және ынталандырушы кепілдіктерді қызметкерлер ұжымдық келісімшартқа қол қою арқылы алады. Қазір ұжымдық келісімшарттармен 26,3 мыңға жуық кәсіпорындары қамтылған. Жылдың соңына дейін көлемді 35 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр, бұл қызмет ететін кәсіпорындардың шамамен 50% құрайтын болады.​
Одан басқа, қалада жұмыспен қамтуға көмектесу шаралары белсенді түрде өтіп жатыр. Бұған тегін қысқа уақытты курстардан өту, жастар практикасын өту, әлеуметтік жұмыс орындарын беру және қоғамдық жұмыстарды жүргізу кіреді.
Осы жылы қысқа уақытты оқуға 1,6 мың алматылық түсті.​ 312 адамнан тұратын жаңа ағымы жылдың соңына дейін оқуын бастайды. 40 жуық мамандықтардың ішінен анағұрлым танымал болып автобус жүргізушілері, шаш алушы, бухгалтер, тігінші және аспазшылар курстары табылады. Осы жылы еңбек нарығындағы сұранысқа негізделе отырып мамандықтардың тізімі жаңартылды. Қазіргі таңда алматылықтар бариста, мерчендайзер, флорист, сақтандыру бойынша менеджер және т.б.сияқты жаңа мамандықтарға қысқа мерзімді курстарда оқып жүр. Одан басқа еңбек дауларын сотқа дейін тәртіпте шешу үшін​ “Татуласу Орталығында” әртүрлі санатты даулармен 500 астам қала тұрғыны​ тегін кеңес алды, 78 медиативті келісім жасалды. Негізінен бұл жалақыны өндіріп алу, жұмысқа қайта орналасу, өтемақыларды төлеу, алименттерді өндіріп алу бойынша отбасы жанжалдары бойынша даулар және т.б.
Сонымен қатар «еңбек келісімшартын жаса» жалпыреспубликалық науқанының аясында​ 1,1 мыңнан астам еңбек келісімшарттары жасалды. Жаңа жұмыс орындары​ пайда болады. Соңғы 3 жыл ішінде жұмыспен қамтылғандардың саны 72 мың адмаға өсті, бұл алғашқы рет жұмыссыздықтың деңгейін 0,1%​ бастап 5,2% дейін төмендетуге мүмкіндік берді, жастардың жұмыссыздығы​ 1%-дан 6,4%-ға дейін төмендеді.
«Алматы қаласының кәсіподақ орталығы» КАБ
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *