Күніне шамамен 8 мың кіреберіс пен 1300 аула өңделеді

Мәншүк БЕКБОСЫН
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.
Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды.
Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге жуық адам жұмыс істеді.
Аулалар мен кіреберістерді дезинфекциялауға 512 адам тартылды. Карантин басталғаннан бері 150 мың литр дезинфекциялаушы құрал жұмсалды. Күніне орта есеппен 8 мың подъезд және 1300 аула өңделеді.
Қолданыстағы дезинфекциялау құралдары (Дезэфект-Форвард) микробпен вирусқа қарсы әсерге ие. Бұл құрылғылар емделудің алдын алу мекемелерінің, коммуналдық қызмет нысандары мен тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, сондай-ақ сауда объектілерінің сыртқы жақтарын дезинфекциялауға арналған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *