Көнеден жеткен қазына

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

 

Ұлттық кітапхананың «Қазақстан кітап­тары» қызметі оқу  залында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру аясында «Көнеден жеткен қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала­сының басты  бағдарларының бірі – «Қазақстанның қасиетті  рухани құн­дылықтары»  немесе  «Қазақ­станның  киелі жерлерінің  геогра­фиясы» жо­басы. Қазақстанда қасиет­ті орын­дардың  көне тарихы бар.  Бұл  Қазақ­­станның барлық аймағында орналас­қан архитек­туралық құры­лымдар, қалалар, елді-мекен­дер, жерлеу қорғандары, некро­полис, ғибадатханалар, үңгірлердегі су­реттер және тарихи пейзаждар. Олар  ежелгі дәуірден, тас ғасырдан бастап, орта ғасырларға дейінгі үлкен хронологиялық кезеңді қамтиды  және елеулі ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Бұларға ұқыпты тәсілді пайдалана отырып, консервациялау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу маңызды.

Жыл басында Қазақстан Респуб­лика­сының Ұлттық мұражайында  «Киелі Қазақстан» энциклопе­дия­сының алғашқы томының тұсауы кесілді. Жергілікті ғалым­дар, тарих­шылар, этнографтар Қазақстан өңірлеріндегі ғылыми-зерттеу экспе­диция жұмыстарының қорытынды материалдарын ұсынды. Бұл жинақ­қа рухани құндылық­тармен қатар,  Астана, Алматы қалалары­ның және Алматы аймағының, Ақмола облыстарының тарихи  ескерткіштері енгі­зілді. Кітапта киелі нысандардың безенді­рілген материалдары және олардың орна­ласқан жері көр­сетілген карта ұсынылған.

Ұлттық кітапхана қорынан «Көнеден жеткен қазына» атты кітап көрмесіне Қазақ­станның көне қалаларының тарихы, Жетісудың ерте темір дәуірінің петро­глифтері, Орталық Қазақстанның ертедегі ескерткіштері,Ә.Марғұланның, А.Ораз­баевтың, К.Акишевтің, өзге де көрнекті қазақстандық зерттеу­шілердің ғылыми зерттеулерінің материалдары қойылды.

Сондай-ақ, көрмедегі  энцикло­педия­лық басылымдардан Қазақ­станның әр өңірінің жылжымайтын ескерткіштерімен,  археологиялық, тарихи және мәдени ескерт­кіштер­мен, қала құрылысы және сәулет ескерткіштерімен, өнердің мону­менталды түрлерімен танысуға болады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close