Күміс таққан алтын қыз

Мәнерлеп сырғанау

Э.Тұрсынбаева Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Иә, адамзат тарихында алғаш болып атқа жүген салған қазақ мөлдір мұзда да жүлде салады екен. Және ол біздің халық тұмшаламай, тұлымшағын желбіретіп, еркін өсірген, төрден орнын сайлаған, кешегі Тұмар патшайымдардың ізі – қыз баласы. Нақты айтсақ – Элизабет Тұрсынбаева.

Мұздағы сұлу спорт – мәнерлеп сырғанау. Музыкамен үндесіп, азғантай уақыт бағдар­ламаға небір қиын жаттығу­ларды мұз үстінде мәнерлеп көрсету екінің біріне бұйыр­маған өнер. Осынау бір сұлу спортта бүгінге дейін біздің халықтың еншісі кемшін түсіп келді. Ендеше, қуан қазақ! Қаршадай қызың Эли­забет еншіңді түгендеп отыр.

Красноярск қаласында өтіп жатқан ХХІХ Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадада мәнер­леп сырғанаудан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Элизабет Тұр­сынбаева екінші орынға көте­ріліп, күміс жүлдегер атан­ды. Алтын жүлде жапон елінде. Лиза қыз жуырда ғана әлем чемпионатының баламасы – «Төрт континент чемпиона­тында» алтын жүлдені жеңіп алып, қуантқан еді. Енді, міне, студенттер олимпиадасы атанған Универсиадада күміс еншілеп отыр.

«Ақшамның»

анықтамасы:

 

* Элизабет Байтаққызы Тұр­сынбаева конькимен мәнерлеп сырғанаудан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

* 2000 жылы 14 ақпанда Мәскеуде дүниеге келген.

* Әкесі Байтақ Тұрсынбаев Сыр бойының тумасы, заңгер, анасы – Падишахан Сұлтан­алиева.

* Лиза қыз Мәскеуде тұрып, жаттығады. Қазақстан атынан халықаралық мұз айдынына шығады.

* Э.Тұрсынбаева Қазақстан чемпионаттары, біріншіліктеріне әкесінің туған жері Қызылорда облысынан қатысып жүр. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың демеушілігінде.

* Лиза Байтаққызы – Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (2019 ж.).

* Универсиада ойындары­ның күміс жүлдегері (Ресей, 2019 ж.).

* ІІ Қысқы жасөспірімдер Олим­пиадасының жүлдегері (2016 ж.).

* Қысқы Азиада ойындарының жүлдегері (2017 ж.).

* «Төрт континент чем­пио­натының» жеңімпазы (2019 ж.).

* Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2014–2017 ж.ж.).   

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *