Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығын талқылады

Қоғамдағы құқықбұзушылықтардың дені көп жағдайда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды білмегендігінен немесе оның алдын қалай алу керек екендігін ескермегендігінен орын алып жатады. Осындай олқылықтардың орнын алып, оны болдырмау үшін Түрксіб ауданындағы №83 гимназияда «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен әлеуметтік құбылыстардың алдын алу: проблемалар мен перспективалар» деп аталатын кеңейтілген семинар болып өткен еді.

 Семинарға арнайы Түрксіб ауданы прокуратурасының аға прокуроры Қуаныш Нұрсаметов, Түрксіб аудандық ювеналды полиция басқармасының бас­шысы Назым Ахметқанова, Түрксіб ау­дандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы­ның хатшысы Айман Құлатаева қатысты. Семинар жұмысының алғашқы сөз кезегін алған Түрксіб аудандық білім бөлімінің әдіскері О.Пожарницская көтеріліп отырған мәселенің қоғам үшін аса маңызды екендігіне тоқталды.

– Кәмелетке жасы толмағандар ара­сын­да кездесетін құқықбұзушылықтың алдын алу үшін аудан мектептерінде түрлі ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, әлеуметтік пайдалы қызметтер арқылы жастардың өмірге деген қызығу­шылығын, көзқарасын қалыптастыруымыз керек, – деді.

Осыдан соң «Кәмелетке толмаған жас­өспірімдерді құқықбұзушылыққа не итер­мелейді?», «Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс қалай?», «Жасөс­пірім өз құқы­ғын біле ме?» деген сыңайлы сауалдар тө­ңірегінде көпшілік өз ой-пікірлерін біл­діріп, әңгімеге арқау болып отырған тақы­рыптың тереңіне үңілді. Құқық­бұзушы­лықтың алдын алуға байланысты бейне­роликтер көрсетілді.

Қоғамдағы басқа да құқықбұзу­шы­лыққа әсері бар жағдайлардан қалай сақ­тануға болатынын ортаға салған семинар қонақтары мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, тәрбиелі әрі білімді ұрпақ тәрбиелеуге болады деген уәжге келді.

Бақытгүл ДОСЫНБЕКОВА,

№107 лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close