Көлік жүргізушілерге тықыр таяна бастады

Қазір салығын төлемеген көлік жүргізушілеріне де тықыр таяна бастады. Мысалы, осы күнде Алматы облысының көлік жүргізушілері мемлекетке 2,5 млрд.-тан астам теңге қарыз екен.

Салықшылар мен сот орындаушылары жауапсыздық танытқан азаматтардың темір тұлпарын жаппай тәркілеп жатыр. Атап айтқанда,
Қабыланбек Есжанов деген қала тұрғыны «Биыл салық төлеген жоқпын. Ал былтыр төлеген едім. Өйткені, жұмыстан шығып қалдым. Сөйтіп, аяқасты жұмыссыз қалғаннан кейін қиындықтар туындап, ақша төлей алмайтын жағдай туды. Қазір ары-бері жүріп жатқан шаруаларым бар екені рас. Бұйыртса, биыл жаңа жылға жеткізбей төлеп тастаймын деп отырмын.

Жалпы, жақында Алматы – Қапшағай тас жолында салықшыларды көрген азаматтар әбден сасыпты. Олардың көбі көлік салығын төлемегенін ақшаның жоқтығымен байланыстырды. Алайда, қазына кірісін бақылаушылар бұл ескертуді елемей, салықтан жалтарғандарға аяушылық білдіре қоймады. Тіпті, темір тұлпарына төлем жасамайтындардың арасында қалталылар да бар екен. Содан болар, рейд барысында аса қымбат көліктер де тоқтатылып жатты. Өйткені, қазір Алматы облысы бойынша жол ережесін бұзып, айыппұл арқалайтындар салықты уақытылы төлемейді екен. Мамандар енді олардан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алудан басқа амал қалмағанын айтады.

Осыған орай, Алматы облысы жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Руслан Исаев «Бес күн ішінде ерікті түрде төлеуіне уақыт береміз. Егер де олар салықты уақытылы төлемеген жағдайда, мәжбүрлі орындау шарасын қолданамыз. Яғни автокөліктерін алып, есепшоттарын бұғаттап тастаймыз. Ал енді қарызды мүлдем төлемеген жағдайда дүние-мүлкін сауда-саттыққа шығарып, сатып, содан түскен қаражатты мемлекет бюджетіне құятын боламыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *