КӨЛІК РЕФОРМАСЫ: ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ НАРЫҒЫНА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС

«Қазіргі кезде Алматыға күн сайын 150 автобус келіп-кетеді. Бірақ олардың тек 60-ы ғана ресми жұмыс жасайды. Демек, қала­аралық және  қалаға  жақын  маңға жүретін көліктің алпыс  пайыздан астам трафигі жасырын тасымалдаушылардың қолында. Сарапшылардың айтуы бойынша, мұндай рейстердегі жолаушылар ағыны 30-40 мың адамды құрайды, ал заңсыз тасымалдаушылардың қызметін күн сайын 20-28 мың адам пайдаланады екен. Еңбек мигрантының барлық трафигін жасырын тасымалдаушылар қамтуда», — деді Полиция департаменті және Көлікті бақылау инспекциясы бірлесе жүргізген тексеру жұмыстарының мониторингін қорытындылаған Алматы қаласы Жолау­шылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов.

Заңсыз тасымалдаушылар қызметін пайдаланған жолаушылар өз өмірлерін қатерге тігеді. Тәжірибе көрсеткендей, жасырын тасымалдаушылар өз клиентте­рінің қауіпсіздігіне  мән  бермейді. Салонда еріткіш лампаны, жанғыш материалдарды алып жүру, техникалық бақылаудан өтпеу — апатты жағдайларға ғана емес, адам өліміне де әкелуі мүмкін.

«БАҚ-тың ақпараты бойынша жасырын тасымалдаушылардың салдары­нан Алматы—Бішкек жолында жол апаты­нан 20-дан астам адам зардап шекті, өкініштісі, мұндай жағдайлардың жиі бола­тындығы. Жасырын тасымалдаушылар техникалық бақылаудың қолдан жасалған карталарын көрсетеді, рейс алдында меди­циналық бақылаудан өтпейді. Табыстары жоғары болғанымен, салық төлеуден қашып, жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді, ешқандай жағдай жасамайды», — деді өз кезегінде Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары ассоциациясының прези­денті Дана Ахатова.

Бұлардан өзге, жасырын бизнес ресми тасымалдаушылар жұмысына және жергілікті бюджетке едәуір нұқсан келтіреді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экономикадағы көлеңкелі айналымды 3 жыл ішінде кем дегенде 40%-ға дейін қысқарту керектігін атап өткен еді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жол­дары басқармасының мәліметі бойынша, заңсыз тасымалдаушыларға Полиция департаменті тарапынан жүргізілген құқық­тық шаралардың арқасында жолау­шылар ағыны артып, көлеңкелі бизнеске қарсы белсенді жұмыстар жүруде. Қазіргі кезде «Сәлем» автобекеті іске қосылды, ол жақын арада Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарына қызмет көрсететін болады. «Сайран»,«Саяхат» автобекет­терінен де жаңа бағыттар ашылады. Бұған дейін анықталғандай, бүгінде «Саяхат» өз қуатының небәрі 10-15 пайызын  ғана пайдалануда.

Алдағы кезеңде пилотты режимде қала маңына қатынайтын әлеуметтік бағыттар ашылатын болады. Билеттерді онлайн сатудың бірыңғай электронды жүйесін енгізу қарастырылуда. Өкілетті органдар мен базар басшыларына жүк тасымалдау үшін логистикалық компанияларды тарту ескертілді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар айтқандай, «жыл аяғына дейін заңсыз тасымалдаушылар қызметі жойылады, негізгі бағыттар ресми түрде қамтамасыз етіледі және жолаушылар қауіпсіздігі артып, жайлы жағдайлар жасалады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *