Көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматының Қазыбек би көшесінде 13 ақпаннан 25 сәуірге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Қазыбек би көшесі бойымен, Мұқанов көшесінен Масаншы көшесіне дейін қойылады. Бұл жағдай магистральды жылу жүйесін жоспарлы қайта жүргізумен байланысты. Бұл көше бөлігін көліктер Төле би және Әйтеке би көшелері арқылы айналып өтуіне болады.

Алматыда инженерлік желілерді қайта құрылымдау тозған құбыр желілерін заманауи құбырларға ауыстырумен байланысты.

«Алматы жылу жүйелері» ЖШС қайта құрылымдау жұмыс­тарының жылудың берілуіне әсер етпейтінін мәлімдеді.

Қалалықтардан түсіністікпен қарауды сұраймыз.

«Ақшам-ақпарат».  

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *