«Көкжиекте» балабақша ашылды

Рая ЕСКЕНДIР

Қаланың солтүстiгiне орналасқан «Көкжиек» ықшамауданы небәрi үш жылдың iшiнде келбетi көркемделiп, алыстан көзге түсетiн қаланың бiр бөлшегiне айналды. Бiр кездерi мұнда адамның iзi де түспеген құла түз дала болса, бүгiнде өз алдына ықшамаудан болып бой көтерiп, қаланың талай тұрғындарына баспаналы болу бақыты бұйырды. Кеше қала Әкiмi Ахметжан Есiмов «көкжиектiктердiң» тағы бiр қуанышына ортақтасып, №169 бөбекжай – балабақшаның ашылу салтанатына қатысты.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттiк «Балапан» бағдарламасы аясында былтырдан берi ауқымды iс-шаралар жүргiзудемiз. Былтыр республикалық, қалалық қаржы көздерi арқылы 3 жаңа балабақша салсақ, бүгiнгi тұсауын кескелi тұрған «Көкжиектегi» балабақша да сол бағдарлама аясында ашылмақшы. Сондай-ақ, өткен жылы жалға өтiп кеткен 3 балабақшаны кiшкентай иелерiне қайтарсақ, 25 жекеменшiк балабақша ашылды, 20 топ және ашылды. Осылайша балабақша кезегiнде тұрған 3 мың 100 бүлдiршiннiң мәселесiнiң оңынан тууына жағдай жасадық.

Биылғы жылы да 35 балабақша пайдаланылуға берiледi деп жоспарлап отырмыз. Олардың 15-i жекеменшiк, 6 балабақша ескi ғимараттары бұзылып, орнына қайтадан жаңасын салу арқылы, 120 орынды 6 балабақша мектеп аулаларына салынды, 3 балабақша мемлекет есебiне қайтарылды. Сәуiрдiң соңына қарай «Көкжиекте» тағы бiр балабақшаны пайдалануға берiледi деп күтудемiз. Соның өзiнде бiздiң кiшкентай тұрғындарымызға әлi де 15 жарым мыңдай орын қажет, – дедi Ахметжан Смағұлұлы.

Сонымен «Жiбек жолы құрылыс сервис» ЖШС жүргiзген құрылыс сәтiмен аяқталып, 120 орынға арналған 5 топтан тұратын, екi қабатты, жалпы ауданы 1781,9 шаршы метрдi құрайтын балабақша пайдалануға берiлдi. Бұл қуаныш басым бөлiгiн жастар құрайтын жаңа ықшамаудандағы қала тұрғындарының баспаналы болған қуанышынан кейiнгi айтарлықтай оқиға болды.

Керек дерек

Алматыда:

198 балабақша бар

141 – мемлекеттiк балабақша

56 – жекеменшiк балабақша

Олардың 56-сы – қазақ тiлiнде

54-i – орыс тiлдi

88-i – аралас.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *