«Көкжиекке» банк те, банкомат та керек

Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев халық алдында өткен жылдың есебін ғана берген жоқ. Ағымдағы жылдың еншісіндегі атқарылуға тиіс жұмыстармен де кеңінен таныстырды. «Көкжиек» ықшамауданы тұрғындары алдында есеп берген Мұхтар Ілиясұлы келесі кезеңде халықтың да ой-пікіріне құлақ салды. Алғашқы сөз кезегін алған «Көкжиек» ықшамауданындағы 32-үй тұрғыны Зухра Ебдіменова осы ықшамауданда болған өрттен кейін қалпына келтіру жұмыстарын тез әрі белсенді түрде жүргізуге атсалысқан аудан басшысына алғыс білдірді.

 Рая ЕСКЕНДІР

Ендігі мәселе үйлердің кіреберісіне қашан жөндеу жұмыстары жүргізіледі? «Балалардың ойын алаңдары салына ма? Спорт кешенін салу жоспарда бар ма? №80 мектепте балаларымыз оқиды. Осы мектептен «Көкжиекке» дейін жалғызаяқ жол салуға көмектессеңіз екен деген бір­неше сауалды тұрғындар атынан жол­дады.

– Бұл мәселелердің барлығы биылғы жылы шешілетін болады. Спорт кешенін салу мемлекеттік жекеменшік серіктестік арқылы болуы мүмкін, – деді.

Гүлнар Әлімханова есімді зейнет­кер­дің  аулада орналасқан 7 үй­дің балалары үшін ойын алаңы, баскетбол алаңы жасала ма? Түбіртекте ыстық су тарифі әр түрлі болып келеді деген сауалына аудан басшысы былай деп жауап берді:

– Жоба жасалынды. Тапсырыста 12 үй бар. Сұрағыңызды қарастырамыз дей келе, ыстық суға қала бойынша бірыңғай тариф белгіленген. Салыстырып қарау керек, – деді.

Гүлжаһан Қорғанова есімді тұрғынның айтуынша, №56 үйде өрт болған соң, подъез­де әлі күнге жөндеу жүргізілмеген екен.

– ПИК үстінен аудан әкімшілігі қара­майды. Біз тапсырма бере алмаймыз. ПИК-ке жолығуыңыз керек, – деп жауап қатты.

Коммуналдық қызмет түріне көп төлемақы келеді. Осы сұрақты шешіп берсеңіз деген сауалға аудан басшысы «Сотқа жүгініңіз. Бұл мәселе заң аясында ғана шешіледі», – деп қысқа қайырды.

«Көкжиектегі» емхана жұмысының көңіл көншітпейтіні туралы да аудан әкіміне шағым жасады. Сейілбек Бекенов есімді тұрғын №51 үйге дейінгі аралықты жеке кәсіпкердің иемденіп алып, жолды жауып тастағанына ренішін білдірді. «Бұл мәселені қарастырып жатырмыз», – деген басшы тұрғынды сабырға шақырды.

Осы ықшамаудан тұрғыны Дина Құдайбергенова қаңғыбас иттердің көп екендігін айтып, балалары үшін алаң­дайтынын жеткізді.

– Ит аулау мәселесі қарастырылып жатыр. Осы тұрғыда жұмыстарды қолға алдық, – деді аудан әкімі.

«Көкжиекте» бір ғана мектеп бар. Бала саны жылдан-жылға арта түсуде. Сон­дық­тан қосалқы ғимарат салу қарасты­рылса дейді. Әсем Балабекова есімді тұр­ғын. «Дәл осы мәселені біз де қарас­тырып жатырмыз. Оң шешім шығуы мүмкін», – деді Мұхтар Тәжібаев.

Әли Жұмаділов есімді тұрғын барлық «көкжиектіктердің» тілегін жеткізді. «Халық Банкі» АҚ-ның филиалы ғана жұмыс істейді. Басқа банктердің филиалы ашылса дейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *