«Көкжайлау» таусылмас тақырып

Кеше Алматыда «Көйжайлау» тау-шаңғы курортын салу жөнінде кезекті қоғамдық талқылау өтті

Нұрлан СҮЙІН

«Көкжайлау» курортын салу тақырыбы соңғы жылдағы қоғам талқысына түсіп отырған бірегей жоба. – Алматыға ең жақын орналасатын тау-шаңғы курортын қажет деп санайтындар да, қарсы тарап та бар бүгінгі қоғамда. Жобаны жақтаушылар «Көкжайлау» тау-шаңғы курорты (ТШК) елде туризмді дамытуда және алматылықтардың белсенді демалысы үшін мемлекеттік қажеттілік деп есептейді.

Ал қарсы тарап «Көкжайлау» халықаралық туристік курорт бола алмайды және жоба іске асса үлкен экологиялық қатер әкеледі деп есептейді.

Жобаны талқылаған соңғы отырыста да «Қазақстан туристік ассоциациясының» президенті Рашида Шәйкенова «Көкжайлау» тау-шаңғы курортының атқарушы директоры Лукас Маршанд, қоғам қайраткері, тәуелсіз эколог Мэлс Елеусізов, «Қазэкология» директоры Аманкелді Сқақов, архитектор Андрей Старков, т.б. қоғам өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде «Көйжаулау» тау-шаңғы курорты құрылыс жобасының қоршаған ортаға әсері тақырыбы тұрды. Табиғат жанашыры М.Елеусізов бұл тақырыпта талқылау Экология министрлігінің құзырында екенін айттып, жобаға қарсы өз пікірінде қалатындығын баяндады да, отырысқа қатысудан бас тартты. «Қазэкология» директоры А.Сқақов «Жобаны тексеруде біз тексеру құзыры бар өз зертханамыздың жұмысын пайдаландық. Бұдан өзге ауа, су ресурстары, топырақ, жануарлар әлемі, т.б. тексерулер жасадық. Осыдан соң, қоғамдық пікір, тілектерді ортаға саламыз. Сосын өз ретімен жоба мемлекеттік органдардың құзырына өтеді…» деді. Жалпы, «Көкжайлау» курорты Ұлттық парктің экологиясына зиянын тигізбейтінін де айтты, маман.

Өз кезегінде архитектор Андрей Старков «Көкжайлау» жобасы іске асқан жағдайда қалталы шетелдіктер мен байшыкештерге ғана қызмет етіп, қарапайым халыққа қолжетімді болмайды деген күмәнін айтып, дәйектер келтірді. Қарашаның қажетін өтемейтін курорттың керегі бар ма деген пікір білдірді.

«Қазақстан туристік ассоциациясының (ҚТА) президенті Рашида Шәйкенованың пікірі елде туристік инфрақұрылымды дамыту басты мақсат, сол себепті туризмді дамытуда қандай жоба болса да жедел қолға алу бүгінгі күн талабы дегенге саяды.

Сан түрлі пікір, сан түрлі ұсыныс. Әр тараптың да алға тартары бар. Бір нәрсе ортақ, ол қоғам мүддесі. Бұған әр тарап өз пікірімен, өз дәйектемесімен келіп отыр. Бүгінгі таңда «Көкжайлау» таусылмас тақырып. Ал шын мәнінде, ұлттық жобаға айналған «Көкжайлау» әлі талай талқыланады.

 Р.S. «Көкжайлау» ТШК жобасын сараптаған көлемді мақаланы алдағы нөмірлердің бірінен оқитын боласыздар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *